Атырау халқының 98 пайыздан астамы табиғи газбен қамтылған

Атыраудағы бірнеше елді мекенді газбен қамту жұмыстары жүргізілуде. Атырау облысында елді мекендерді газдандыру жұмыстары жалғасуда.

Бүгінде елді мекендердің 79,5%, ал халықтың 98,4% табиғи газбен қамтылған. Халықпен есеп беру кездесуі кезінде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев осыны мәлімдеді.

2017 жылы Азғыр өңірінің 10 елді мекенін газбен қамту жұмыстары басталды. 365 шақырымдық магистралды және кентаралық газ құбырының құрылысы 67,6 шақырым селоішілік газ құбырының құрылысы жүргізілуде. Нысан 2019 жылы аяқталады.

Махамбет ауданының Бала Ораз, Көздіқара, Атамбев елді мекендеріндегі газқұбырлары желісінің аяқталып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылы Махамбет ауданының Есмахан және Исатай ауданының Амангелді елді мекендерінде газ құбырлары құрылысы басталады.

Қызылқоға ауданының Тасқұдық, Соркөл, Сарқұмақ, Былқылдақты, Қоңыраулы, Кенбай елді мекендерінде газ құбырлары желісі құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

Исатай ауданының Жасқайрат және Қызыл үй елді мекендерін газбен қамту үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда.

Бұдан бөлек, газбен тұрақты үздіксіз қамтамасыз ету және тозығы жеткен газ құбырларын ауыстыру үшін 9 инвестициялық жоба әзірленді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521