Салт-дәстүрді білесіз бе?

Салт-дәстүрді білесіз бе?

Салт-дәстүр – ел өмірімен бірге қайнасып кеткен, рухани және мәдени азық.

Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт-дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей берген. Яғни салт-дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн-жосақты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десем де қателеспесім анық.

Осы орайда «Сіз салт-дәстүрді білесіз бе?» тақырыбында «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасында қазақ тілі маманы Зәуреш Қалиева қызметкерлер арасында өзара сайыс түрінде іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрі туралы білімімізді толықтырып, ұмыт болып бара жатырған әдет-ғұрыптарды жаңғыртып, заманға сай жаңартып қолдануға, ұлтымыздың дәстүрінен үлгі алуға шақыру. Сұрақ-жауап түрінде өткен сайысқа қызметкерлер белсене қатысып, білгендерін ортаға салып, білмеген сұрақтарына жауап алды.

Сайысқа қатысқан қызметкерлер марапатталды.

Н.БЕРДЕКЕЕВА,

«Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының кәсіподақ төрайымы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT