Көлігін алкогольдік масаң күйде басқарған.
Бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Сотта анықталғандай құқық бұзушы көлік құралын Атырау-Орал тас жолы 50 шақырым тұсында алкогольдік масаң күйде басқарған. Сот отырысында «WhatsApp»-желісі арқылы байланысқа шыққан С. өзінің әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәсін мойындап, ішімдік ішкен күйде көлік құралын жүргізгенін, жасаған әрекетіне өкінетінін, 2-ші топ мүгедегі екенін айтып көрсеткен.
Сот шешімімен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 3-бөлігімен оған жаза ретінде 7 (жеті) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылды.
Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.
"Жайық-Ақпарат"
Сурет:дереккөз