Елбасы "Алғыс хаты" табысталды.
«Nur Otan» партиясы Махамбет аудандық филиалы мәжіліс залында 2021 жылдың 10 қаңтарында өткен ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында белсенділік танытқан азаматтар мен партия мүшелері Елбасы, партия төрағасы Н.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды.
Шара барлық санитарлық талаптарға сай өткізілді.
Іс-шарада «Nur Otan» партиясы Махамбет аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Руслан Болатұлы саяси науқан кезінде тынымсыз еңбек еткен азаматтарға алғыс айтып, оларға Елбасының «Алғыс хатын» табыстап, алдағы уақытта елдің сенімін арқалап, халық игілігі үшін бірге жұмыс атқаратындығына сенім білдірді.
«Жайық-Ақпарат»