Ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі.
Жыл басында Махамбет аудандық №11 Өрт сөндіру бөлімі көліктерінің қатарына су жаңа автокөлігімен толықтырылды. Өрт сөндіруге және авариялық құтқару қызметіне арналған АЦ 5-70 «Урал» өрт сөндіру автокөлігінің жұмыс жасау барысымен толық жеке құрамға таныстырылды.
Қазіргі заманға сай өрт сөндіру автокөліктерінің өрт сөндіруге қажетті барлық құтқару құрал жабдықтары бар. Қандай да кедергілерден өте алатын жол тандамайтын автокөлік. Өрт сөндірушілердің қызмет көрсету сапасын арттырып, орын алған өрттер мен төтенше жағдайларды уақтылы тез арада жоюға ықпал етпек.
Бұл көліктер ай сайын техникалық тексерістен өтіп тұрады, маусым сайын қадағаланады, ауысым бойынша кезекшілікті қабылдаған жүргізуші міндетті түрде тексеріп, қызметке жарамдылығына көз жеткізді.
Жаңа өрт сөндіру автокөлігін жанартқан мен бастысы аудан тұрғындарына өрт қауіпсіздігін сақтау өте маңызды.
Е. АХАНОВ,
аудандық №11 Өрт сөндіру бөлімі бастығы,
азаматтық қорғау капитаны