Аудандық балалар кітапханасындағы «Ковиркинг» орталығында «Ұлы даланың жеті қыры-ұлттық құндылығымыз» атты ақпараттық сағат өтіп, онда Елбасы мақаласы қызу талданды.
Кітапханашылар ел тарихын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында Д.Төленов атындағы мектеп-гимназияның 9 сынып оқушыларымен кітап көрме-диалогін ұйымдастырып, оған оқырмандар, мектеп-гимназияның тарих пәні мұғалімі З.Өмірбекова, сынып жетекші Н.Сайфуллиналар қатысты.
Шараны ашқан аудандық кітапхананың балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары Зада Енбаева Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жалғасы болып табылатын «Ұлы даланың жеті қыры» еліміз туралы ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңартуға бағытталғанын айтып, көрме-диалогқа белсене қатысуға шақырды.
Кітапханашы Ж.Сарина Президент мақаласы түрік тайпаларының әлемдік өркениетке қосқан үлесін көрсетіп, тарихи сананы жаңғыртты дей келіп, оның бөлімдеріне, Мемлекет басшысы берген тапсырмаларына тоқталды.
Кітапханашы Г.Есқалиева рухани жаңғыру ұлт тарихын танытатын даңғыл жол болса, Ұлы даланың жеті қыры ұрпақтар мақтанатын ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі арғы тектерін әлемге айқын насихаттайтын төлқұжат екенін сұрақ-жауап арқылы беріп, көрмедегі әдебиеттермен таныстыруға көшті. Кітап көрмесін 7 қырдан тұратын пирамида пішіндегі библиографиялық картотекамен толықтырды. Оқырмандар викториналық сұраққа жауап беріп, сөзжұмбақтар шешті. Д.Төленов атындағы мектеп-гимназияның тарих пәні мұғалімі З.Өмірбекова Елбасы мақаласында ата-бабадан мұра болып қалған төл тарихымыз шығармашылық бастауына жеткен жетістіктерге қарап, болашаққа сенімді қадам басып келе жатқанымыздың жеті символикалық мәнінен бағыт-бағдар алып, тарихымыздың елімізді алға бастаушы, дамытушы рөлін насихаттауды ұсынды. Әрі ол мұндай мазмұнды, тағылымды шараны ұйымдастырушыларға алғысын жаудырды.
А.ТЕКЕБАЙ.