Баршаға белгілі, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің тарихы мен шежіресі, қол жеткен биігі-еркіндік аңсаған ұлы халық пен Елбасының ерен еңбегінің жемісі, зор жеңісі. Қазірде әлемдегі бәсекелестікке қабілетті әлемдегі 50 елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан еліміз бұл межені бағындырып, енді әлемдегі ең дамыған озық 30 мемлекеттің қатарына қосылуға бағыт түзеді.
Бұл жерде тәуелсіздік алған жылдардан бері жұмыс тобында үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырып, жаңа сипат алып келе жатқан жергілікті өкілетті органдардың да қосып отырған үлесінің зор екендігі баршаға аян. Тәуелсіздікпен бірге толысып, билік буынмен берік, ел-жұртпен етене қызмет атқарып келе жатырған мәслихаттарға биыл 25 жыл толып отыр. Осы жерде сәл өткенге көз жіберсек, 25 жыл тарих үшін қас-қағым сәт. Бірақ өткен күндердің өлшемімен қарағанда, осы уақыт аралығында халық игілігі үшін қанша тірлік атқарылғанын аңғару қиын емес.
Мәслихат-депутаттар жиналысы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заңына сай, 1994 жылдың 7 наурызында мәслихаттардың алғашқы сайлауы өтті. Қазір ауданда 12 сайлау округі болса, алғашқы депутаттар сайлауында 15 округ құрылған-ды. Еліміз егемендік алғаннан кейінгі алғашқы аудандық мәслихат депутаттары болып К.Бералиева,А.Кенжегулов, М.Кенжегалиев, С.Сатаев, Х.Ибрашев, Б.Құспанов, М.Көргенов, М.Аманов,М.Оңдағани, Б.Жөндеуов, Т.Қалиев, Ж.Қощпанов, Ө.Темірғалиұлы, Е.Нүкеев, Х.Ахтаубаевтар сайланды. Мәслихат хатшылығына депутат, Махамбет обаға қарсы күрес бөлімшесінің дәрігері С.Сатаев сайланды. Еліміздің егемендігін алған, демократия бастауы кезіңінде сайланған депутаттар өз белсенділігімен тұрғындар көңілінен шыға білді, өткір сауалдар қойылды. Сол кезеңнің құжаттарына көз жүгіртсек, №9 Алға сайлау округінен сайланған депутат М.Оңдағанидың «Су тасқыны кезінде үзілген электр желілерін қалпына келтіру», №1,3,4 сайлау округі депутаттары К.Бералиева, М.Кенжегалиев, С.Сатаевтардың «Аудан халқын нанмен қамтамасыз ету жайы туралы», «Аудандық аурухана мен Сарытоғай ауылында орналасқан өкпе аурулар ауруханасын жаңа жерге көшіру және олардың жаңа ғимараттармен қамтамасыз ету туралы» сауалдары тұрғындардың көкейтесті мәселелерінен туындаған, өміршең маңызы бар мәселелер еді. Және осы көтерілген мәселелер депутаттар сауалының түрткі болуымен түбегейлі шешілді де. Осы сайланымда сайланған депутаттар М.Оңдағани мен М.Амановтардың сауалдары да сайлаушылар мұң-мұқтажынан туындаған өзекті мәселелер еді. Жалпы 1 шақырылымдағы сайланған депутаттардың жоғарыда аталғандардан басқа А.Кенжегулов, К.Бералиева сияқты депутаттарда сайлаушылар аманаттарын орындауда адалдық таныта білді. Ауданымыздың төл тарихы еншісіне алтын әріптермен жазылған сол бір 1994 жылдың 7 наурызындағы егемен елімізде, ауданда алғашқы өткен сайлау болды. Бұл сайлаудың басты ерекшелігі-депутаттық өз кандидаттарын түрлі партиялар қоғамдық құрылымдармен бірге жеке адамдардың өзін-өзі ұсынуы болатын. Демократияның шынайы көрінісі, бастауы еді бұл. Және бір ерекшелігі, бұл кезде аудандық мәслихат деп аталып үлгермеген-ді. Бірінші шақырылым аудандық мәслихат-депутаттар жиналысы деп аталатын.
Мақаланың толық нұсқасы газетіміздің №12 20 наурыздағы санында