Махамбет ауданында «Қауіпсіз жол» шарасы өтуде

Сонымен қатар аудандық полиция бөлімінің патрульдік полицейлері жол-көлік оқиғаларына жол бермеу жөніндегі профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын да жүргізіп жатыр.

Жедел-профилактикалық іс-шара өту барысында бірнеше құқықбұзушылық анықталған.

Махамбет ауданы аумағында Жергілікті полиция қызметкерлерімен қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 26 мен 30 қаңтар аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізілуде.

Шара барлық мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту және жол жүрісі қағидаларын бұзудың, тас жолдар мен елді мекендерде жолда жүру қозғалысында құқықбұзушылықтардың алдын алу, мақсатында ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, көлік құралын алкогольді масаң күйде басқару, басып озу, қарама-қарсы жүру, маневр жасау, қиылыстардан және жаяужүргіншілер өтпелерінен өту, жолаушыларды және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдігін және балаларды ұстап қалу құрылғыларының сақталуын тексеруде.

Сонымен қатар аудандық полиция бөлімінің патрульдік полицейлері жол-көлік оқиғаларына жол бермеу жөніндегі профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын да жүргізіп жатыр.

Жедел-профилактикалық іс-шара нәтижесінде екі күнде бірнеше құқықбұзушылық анықталған. Оның ішінде көлік құралын алкогольді масаң күйде басқарған 1 жағдай, жылдамдықты арттырған 18 жүргізушіге, ұялы телефон пайдаланған 3 адамға, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзу 11 жайт,маневр жасау тәртібін бұзған 1 және 615 бап (жаяу жүргінші) 8, көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқаруы 5, міндетті техникалық байқаудан өтпеген 1 хаттама толтырылып, айыптылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аудан полицейлері азаматтарға жол-көлік қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығын ескертеді. Өз өміріне немқұрайлы қарамай және басқалардың өміріне де қауіп төндірмей, жол қозғалысына қатысушылардың барлығынан бірін-бірі сыйлауға шақырады.

Р.ХАЛЫҚ,

аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі

бөлімшесінің патрульдік полиция тобының қызмет аға инспекторы,

полиция аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521