Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту мақсатында дене шынықтырумен тұрақты айналысуға және салауатты өмір салтына тартуға бағытталған спорттық іс-шаралар өткізіліп тұрады. Соның бірі Атырау қаласы, қазақ соқырлар қоғамы ғимаратында, көру мүшесі зақымдалған және тірек қимыл аппараты зақымдалған мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында дойбы «64» және тоғызқұмалақтан ересектер мен жастар арасындағы облыстық чемпионаты өтті.
Аталған чемпионатқа Махамбет ауданынан «Ер жүректілер» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубының спортшылары қатысты. Тартысты өткен ойынның нәтижесінде тоғызқұмалақтан Айна Жайсанбаева І орынды жеңіп алды. Спорттың осы түрінен жастар арасындағы жарыста Мұхаммедмади Ерланұлы І орынға, Мырзабек Наурызбекұлы ІІ орынға,Олжас Сейлханұлы ІІІ орынға, Насип Адайбаева ІІ орынға ие болды. Дойбы «64» бойынша Гаухар Шагирова, жастар арасында Жанерке Меңдіғали мен Ілияс Аманжол І орынға ие болды.
Жарыс жеңімпаздары тоғызқұмалақтан 20 наурыз күні Қарағанды қаласында өтетін Республикалық чемпионатқа, дойбы «64» жеңімпаздары 15 наурыз күні Шымкент қаласында өтетін Республикалық чемпионатқа жолдама алды. Сондай-ақ Атырау қаласы, №13 Д.Байбосынов атындағы мектеп гимназиясында тоғызқұмалақтан 15 жастағы ұлдар мен қыздар арасында және 17 жастағы қыздар арасында рапид түрі бойынша облыстық жекелей чемпионатта Махамбет аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тоғызқұмалақ бөл і мшес і н ің спор тшыл ары Бектұрған Меңдіғалиев пен Мырзабек Наурызбекұлы ІІІ орынды жеңіп алды.
Бектұрған Меңдіғалиев 21-30 наурыз күндері аралығында Өскемен қаласында өтетін Республикалық чемпионатқа жолдама алды. Спортшылардың жаттықтырушысы Мухадия Куангереев.
«Ержүректілер» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы мүгедек адамдардың спорт нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету және оларды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту мақсатында айтарлықтай жұмыстар атқарып келеді.