Балық аулаудан бақ сынады

Фото: zh-shugylasy.kz

Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен, арда­герлер арасында мұз үстінде балық аулаудан облыстық жарыс өтті.

Оған Атырау қаласынан және аудан­дардан жиырманың үстінде зейнеткерлер қатысты.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Жайлашевтың айтуынша аталмыш жарыстың мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, таза ауада демалыс сыйлай оты­рып, ардагерлер арасында ұйымшылдықты, достықты нығайту.

Жарыс басталар алдында ұйымдастырушылар тарапынан қатысушыларға мұз үстіндегі қауіпсіздікке байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Одан соң балық аулау шарасының ережесі таныстырылды. Осылайша, балықшылар мұзды ойып, қармақ салып, балық аулаудың түрлі тәсілдерін көрсетті,-дейді С.Жайлашев.

Нәтижесінде Махамбет ауданынан қатысқан Табылды Нәбиев пен Мизам Тайшұнақов жүлделі ІІ-орынды иеленді. Жүлдегерлер дипломдармен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

 Б.СҮЙЕУОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521