Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ауданымызда 24 маусымнан бастап 30 маусым аралығында репродуктивті денсаулық апталығы өтуде. Бұл халықтың репродуктивті денсаулық туралы сенімді ақпарат алуына, білікті мамандарға сұрақтар қойып, тексеруден өтуге мүмкіндік береді.
Ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау жағдайларын жасауға қатысты міндеттер Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясатты дамыту тұжырымдамасында белгіленген.
Іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсат - халықтың репродуктивті денсаулығының маңыздылығын түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау. Яғни, жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының маңыздылығы, жоспарланбаған жүктілікті және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды (ЖЖБИ) болдырмау әдістері туралы хабардар ету, АИТВ инфекциясы мен ЖЖБИ-дің, сондай-ақ жатыр мойны қатерлі ісігін тудыратын адам папиллома вирусының алдын алу қажеттілігі сияқты мәселелерді шешуге бағытталады.
Апталық аясында аудандық ауруханада мамандар қатысуымен ашық есік күндері ұйымдастырылып, “Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ “ атты челленджі Индер аудандық ауруханасына жолданды.
Б.Сапарова