Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылығы 24 шілдедегі №190 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізілуіне байланысты «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериванттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» бұйрығына 3-қосымшамен 2016 жылы 24 қарашада №265 бұйрығы толықтырылып, 15 ақпаннан бастап 14 маусымға дейінгі мерзімге аң аулауға тыйым салынған болатын.
Жергілікті жерлерде көктемгі аңшылық маусымының ашылмауына байланысты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлескен мобильдік топтар құрылып, заңсыз аң, құс аулау фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Анықталған заңсыз аңшылық және аң аулау ережелерін бұзу фактілері бойынша құқық бұзушыларға заңмен белгіленген шаралар қабылданады.
Учаскелік полиция инспекторларының және қоғамдық тәртіпті сақтау қызметіне түсетін жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің назарын азаматтардың атыс, аңшылық, суық қарулар мен оқ-дәрілерді сақтауына және өздерімен бірге рұқсат құжатынсыз тасымалдау негіздеріне тексеру жұмыстарын жүргізіп және іс-шараларға жұмылдырылған барлық полиция қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына жол бермеу бойынша шаралар қабылданды.
А.УМИРЗАКОВ,
аудандық ПБ ЖПҚБ УПП учаскелік полиция инспекторы,
полиция майоры.