Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты С.Еңсегеновтің Жалғансай ауылы тұрғындарымен болған кездесу жиынын аудан әкімі Ж.Ахметов кіріспе сөзбен ашып, Елбасы тапсырмасына орай, аудан бойынша аз қамтылған, сондай-ақ көп балалы отбасылардың қазіргі тұрмыс- тіршілігін зерделеу мақсатында жұмыс тобы құрылып, іске кірісіп кеткенін қаперге берді.
Келесі кезекте сөз алған Сенатор Сәрсенбай Құрманұлы Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының съезін жабардағы : «елге барғанда алыстағы ағайынға менен сәлем айтыңдар» деген аманатын еске алып, Мемлекет басшысының ыстық ықыласын жеткізді. Бұдан әрі Қазақстан Республикасының Сайлау туралы Заңына түсінік беріп, биліктің тармақтары, Сенат депутатына қойылатын талаптар туралы тарқатып айтты. Оның айтуынша, 2018 жылы Сенаттың қарауына 80 Заң жобасы келіп түскен. Оның екеуі конституциялық заң болса, тоғызы дербес заң, 32 қолданыстағы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Ең бастысы, 2019-2021 жылдарға арналған еліміздің бюджет туралы заңын қабылдаған. Сол қабылданған бюджет бойынша барлық бағдарламалар сала-сала бойынша қаржыландырылатын болады.
Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің №10 7 наурыздағы санынан оқи аласыздар