Халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен сенімді тығыз қарым-қатынас орнату, сондай-ақ қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында аудан көлемінде 2019 жылдың 25 ақпан күнінен баста 1 шілдеге дейін «Аумақтық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Аталған уақыт ішінде төмендегідей іс-шаралар жүргізіледі:
- Әкімшілік учаскеде тұратын адамдарды есепке алудың арнайы журналына алынған мәліметтерді енгізе отырып, әкімшілік аумақтың пәтерлер мен аулалар тексеріледі.
-Тексеріс барысында әкімшілік аумақтың картасын жасақтай отырып, ол картаға көшелер, қанша үй, асфальт төсемесі және электр жарығымен жабдықталмаған көшелерді енгізіледі.
- Елімізде болу қағидаларын бұзған шетел азаматтарының заңсыз көші-қонды ұйымдастырушыларды, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзған жұмыс берушілерді анықтау.
- Тұрғылықты мекен-жайларын ауыстырған және жаңа мекен-жайы бойынша есепке тұрмаған қару иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
-Саяжай алаптарын, құрылыс объектілерін, оның ішінде тоқтатылған және тасталған объектілерді, шатырлар, жертөлелерді, кәріз құдықтарын және өзге орындарды тексеріледі.
-Мемлекеттік кірістер департаментеріне тиісті ақпараттарды жолдай отырып, жалға берілетін пәтерлер, үй-жайлар мен үйлерді анықтау мақсатында жалдамалы пәтерлер анықталады.
- Іс-шара барысында тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігіне көңіл аударуға және жайсыз отбасыларды анықтау бағытында жұмыстар ұйымдастыруға.
Анықталған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға жазбаша хабардар етуге.
- ІІО-ның профилактикалық және тізімдік есептерінде тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеріледі.
- Қоғамға қарсы әрекеттерді анықтау, сондай-ақ жастар және кәмелетке толмағандар шоғырланған жерлерді тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Сакен ДЖУМАБАЕВ,
аудандық ПБ ЖПҚБ УПИ,
полиция майоры.