Референдум: бөлім мамандары ұстаздармен кездесті

Облыс әкімі Н.Таушовтың бекіткеен республикалық референдумды қоғамдық қолдау бағытындағы жергілікті штабтың желілік кестесіне сәйкес аудандық білім бөлімінің бас маманы Гүлбаршын Тәжікова мен заңгер Торғын Бергалина Е.Ағелеуов атындағы орта мектебінің ұстаздарымен кездесу өткізді. Кездесуді бас маман Г.Тәжікова ашты.

Ағымдағы жылдың 5 маусымында елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жалпыхалықтық референдум өткелі отыр. Бұл барша қазақстандықтар, қоғамның өмірін өзгертетін аса маңызды шешім деп білеміз. Мемлекет басшысы Ата Заңда өзгеріске ұшырайтын 30-дан астам бапқа қатысты бір жақты шешім қабылдап, қателікке жол бермеу үшін оны халықтың талқысына салу керек, деген ұйғарым жасады. Ендеше, әрқайсымыз еліміздіңболашағы үшін дауыс беруміз қажет, – деді  ол өз сөзінде.

9c78e184-155a-4d8b-be57-29170c6a5a37

Сондай ақ ол Конституцияға енгізілетін негізгі өзгерістерді және референдум өткізудің мәнін талқылап, жаңа Қазақстанның қалыптасуы үшін енгізілетін түзетулердің маңыздылығын атап өтті.Жиын соңында ұстаздар қауымына Конституцияға енгізілетін өзгерістердің айқын 10 көрінісі жазылған парақша таратылды.

Б.САПАРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT