Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына сәйкес, Махамбет балық инспекциясы бөлімі аудан тұрғындарына, соның ішінде әуесқой балықшыларға Атырау облысының шегіндегі Жайық өзенінде 15 мамыр - 15 маусым қоса алғандағы аралықта балық аулауға шектеу қойылатынын ескертеді.
Аталған бұйрық талабын бұзған жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383-бабына сәйкес уылдырық шашу кезеңінде балық аулағаны үшін құқық бұзушы жеке тұлғаға 10 АЕК, шағын бизнес субъектілеріне 30 АЕК, орта бизнес өкілдеріне 50 АЕК және ірі бизнес иелеріне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Баспасөз бетіне мақала жариялау арқылы тұрғындарға осы науқанның негізгі бағыттарын түсіндіру, мектеп оқушылары арасына барып, ұжымдар мен мекемелерге әңгіме, пікірлесу жұмыстарын жүргізу көзделуде.
А.Аймағамбетов,
Махамбет балық инспекциясы бөлімінің бас маманы