«Әр жобаны сапалы орындау – басты міндетіміз»

«AMANAT» партиясының кезектен тыс 22-ші съезінде партия сайлаушылардың аманатын орындау арқылы елге қызмет ететіні, барлық аймақтардағы қабылдау бөлмелері мен қоғамдық кеңестері арқылы халықтың мұң-мұқтажына құлақ түріп, билік органдарына жеткізіп, оң шешім қабылдануына ықпал жасайтыны айтылған болатын. Халық партияның жаңа атауын жаңа Қазақстанды құру жолында жаңарған партиямызға берілген айрықша жауапкершілік пен көрсетілген зор сенім деп қабылдады. Осы орайда ««AMANAT» партиясының Махамбет аудандық филиалының атқарушы хатшысы Руслан Әженовті сөзге тартқан болатынбыз.

-«AMANAT» партиясы Махамбет  аудандық филиалының жартыжылдықта атқарған жұмысына тоқталсаңыз?

-Жалпы аудан бойынша 11 бастауыш партия ұйымы бар. Партия мүшелерінің саны – 1597- ні құрайды. 2022 жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша жарна жоспары 102,1 пайызға орындалды. Сондай-ақ, жыл басынан бері бір 1 конференция, 3 саяси кеңес бюросының отырыс өткізілді. Ал аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының 2 отырысы өтті.

-Партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы қай деңгейде?

-Партия филиалының сайлауалды бағдарламасының орындалысын бақылау мақсатында 5 қоғамдық кеңес құрылып, жарты жылда 9 отырыс өткізіліп, 11-ден астам мәселе қаралып, 23 ұсыныс назарға алынды. «AMANAT» партиясының жұмысын жаңғырту мақсатында жүзеге асып жатқан партиялық жобалар тұрғындардың өмірі мен тұрмысын жақсартуға арналған. Әр жобаны сапалы орындау – біздің басты міндетіміз. Осы ретте ауданда «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» партиялық жобалары бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылды. Мәселен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аудандағы бірқатар көпбалалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі отбасыларында болып, мерекемен құттықтап, азықтүлік себетімен көмектер көрсетілді. Көпбалалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі отбасыларына тұрғын үй алу мәселесі бойынша қазір ауданда 60 пәтерлік 3 тұрғын үй құрылыс жүргізіліп жатыр. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында Махамбет ауданы бойынша 1 наурыз – «Алғыс айту» күні партия тарапынан ардагерлеріміз бен ерекше қажеттілігі бар азаматтарға, 8 наурыз күні қамқорлықты қажет ететін аналарға азық-түлік пакеттері мен құттықтаулар жасалды. 22 наурыз мерекесіне орай аз қамтылған және қамқорлықты қажет ететін отбасыларға әр округ бойынша қамқорлықтар көрсетілді. Партиялық сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қоғамдық орындардың инклюзивті ортаға бейімділігін бақылау мақсатында мониторингтер жүргізіліп, берілген ұсыныстардың орындалысы үнемі бақылауда ұсталып отыр. «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ардагерлер мен қарттар үнемі медициналық бақылаудан өткізіледі. Тыл және еңбек ардагерлері, партия ардагерлері партияның аудандық филиалы және бастауыш ұйымдары арқылы мерекелік құттықтаулар ұйымдастырылды. Науры з мерекесіне орай қарттарға азық-түлік пакеті мен құттықтаулар жолданды. Жеңіс күні мерекесіне орай тыл және еңбек ардагерлерін аудандық филиал және бастауыш партия ұйымдары құттықтады. «Jas Otan» жастар қанаты Махамбет аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен тыл ардагерлері мен қарттарға арналған көмек ұдайы ұйымдастырылады.

-Партияға мұң-мұқтажын айтып келушілердің өтініштері қаншалықты шешімін табуда?

- Биылғы жылы «AMANAT» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 6 ай ішінде 96 өтініш тіркеліпті. Оның 40-ы, не - месе 44,9 пайызы оң шешімін тапты. 56-на құқықтық кеңестер, түсініктер берілген. Азаматтардың өтініштерін тыңдап, сұраныстарын қанағаттандыруда, олардың көтерген өзекті мәселелерін атқарушы органдарға жеткізіп, орындауына баскөз болып, бақылауға алуда партиямыздың атынан сайланған депутаттарымыздың, фракция мүшелерінің үлесі айрықша. Осы есепті мерзім аясында халық қалаулылары 11 жеке қабылдау өткізіп, 26 адамның өтінішіне құлақ асып, 10-ны оңтайлы шешімін тапқан. Жұмысқа орналасуға ықпал етілген, міндеттілігіне жатпаса да материалдық көмектер көрсетілген. Жергілікті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары қабылдауда 8 адамды қабылдаған. Азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік мәселе, оның ішінде әлеуметтік көмек бойынша жүгінді. Бұл бағыттағы сұрақтар 11,4 пайызды құраса, келесі басым бөлігі жұмыссыздық, жұмы сқа орналастыру жөнінде – 22 пайыз, баспана мәселесі де өзекті – 12,2 пайыз және 16,1 пайыз тұрғын-үй коммуналдық мәселелер көтерілген. Наурыз айында орталық аппараттың бастамасымен іске қосылған партияның мобильді қоғамдық қабылдауы аясында 14 наурыз -31 мамыр аралығында орталықтан шалғай орналасқан Ақтоғай, Таңдай, Жалғансай елді мекенге мобильді топпен барып, көшпелі қабылдаулар ұйымдастырылды. 22 өтініш қаралды. Қазіргі таңда басым бөлігі игерілмей не болмаса мемлекет меншігіне қайтарылмай отырғандығы, жазғы су желісі, түнгі көше жарығы, иесіз иттерді залалсыздандыру, малшы шаруалардың мұңмұқтажы т.б. көптеген мәселелер партияның назарына ұсынылды. Көтерілген мәселелер аяқсыз қалмайды. Аудандық мәслихаттың депутаттары әр ауданға жауапты болып бекітіліп, бақылауда тұрған мәселелер бойынша жұмыстануда. Халықтың басындағы күрмеулі мәселелерді шешіп, елдің алғысын арқалаған партиялықтардың бұл бағыттағы жұмысы алдағы уақытта да жүзеге аспақ.

-Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан: Баян СҮЙЕУОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT