Махамбет ауылында жаңа азық-түлік дүкені ашылды.
Дүкен иесі – «Игілік» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Битурин Әділетолла Мүсенұлы.
«Кәсіпкер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалы арқылы «Ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнесті дамыту» жергілікті бағдарламасы шеңберінде айналым қорына, құрал жабдықтар алу үшін жеңілдетілген несие алған болатын. Кәсіпкерді шын жүректен құттықтай отырып, кәсібінің берекелі және табысты болуын тілейміз», - деді аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі.