Махамбет аудандық өрт сөндіру бөлімі жұмысқа шақырады

Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, 2022 жылғы 11 қыркүйектен бастап Азаматтық қорғау органдарының қатардағы және кіші басшы құрамының лауазымдарына кандидаттардың заңнамалық және жеке қасиетін бағалау тестілерін тапсыру тәртібі қысқартылған, яғни алдағы уақытта өрт сөндіруші-құтқарушы, өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушісі және радиотелефоншы лауазымдарына қызметке орналасуға ниет білдірген үміткерлер үшін мемлекеттік тестілеуден өтуді қажет етпейді.

Азаматтық қорғау органдарына жұмысқа кіріп, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қатарында елге қызмет ету ниеті бар 18-35 жас аралығындағы барлық аудан тұрғындарын Махамбет аудандық №11 өрт сөндіру бөліміне және де Атырау қаласында орналасқан өрт сөндіру бөлімдеріне жұмысқа шақырамыз. Жоғарыдағы мәлімет бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, Махамбет ауданы, Наурызова көшесі №12 үй мекенжайындағы орналасқан №11 өрт сөндіру бөліміне келіп, кеңес алуларыңызға болады.

Тел номер: 8778-919-74-00, 2-13-90,

Махамбет аудандық №11 Өрт сөндіру бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT