Р.Жанқылыш:«Құрметті полицейлер! Төл мерекелеріңіз құтты болсын!»

Ел тыныштығы мен қауіпсіздігінің сақшылары.

Құрметті полиция ардагерлері! Қадірменді сала қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз Қазақстан полициясы күнімен аудан тұрғындары атынан шын жүректен құттықтаймын!

1992 жылы «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Заң қабылданып, ол полицияның міндеттері мен функциялық қызметтерін айқындайтын алғашқы құқықтық құжат ретінде тарихқа енгені белгілі.

Ал, 2007 жылы 23 маусым Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан полициясы күні ресми түрде бекітілген болатын.

Бұл күн - қазақстандық полицияны құрған ардагерлер мен оның қатарында еңбек ететін қызметкерлердің еңбектерін бағалап, алғысқа бөлеп, ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында құрбан болған тәртіп сақшыларын еске алатын күн десек, артық айтқандық емес.

Ішкі істер органдары – еліміздің ең ірі, көп құрылымды, қазақстандықтардың құқығын қорғап,қылмыспен күресетін, тәртіпті қамтамасыз ететін ұйым.

Сала ардагерлері мен қызметкерлеріне қауіпке бас тіккен қаһармандарға әрдайым халықтың алғысы зор.

Күллі әлемге қауіп төндірген пандемиямен күресте де алдыңғы шепте тұрған осы полиция қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалауымыз қажет.

Ауданымыздағы полиция қызметкерлері де аудан тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігіне қызмет жасап, аянбай еңбек етіп келеді әрі осы бағытта бұл жұмыс жүйелі түрде жалғасады деген сенімдемін.

Ардақты ішкі істер саласының ардагерлері!

Құрметті полицейлер!

Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Ел қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қалыптастыру, оны сақтау жолындағы жанкешті еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Отбасыларыңыз аман болып, шаңырақтарыңыз берекеге толсын!

Р.ЖАНҚЫЛЫШ,

аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521