Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева Атырау облысында қызмет бабындағы іссапармен болды.
Қызметтік іссапар барысында Махамбет ауданы Сарайшық ауылында болып, Сарайшық ауылының келешекте салынатын кешен құрылысымен танысты.
Сарайшық ауылындағы кешеннің еліміздегі туризм саласына қосатын үлесін атап өткен Дариға Назарбаева өз тарапынан ықпал болатынын да жеткізді.
Халық қалаулысымен бірге Атырау облысы әкімінің орынбасары Б.Хаменова, Махамбет ауданының әкімі Р.Жанқылыш келешек жоспарлары туралы пікірлесті.