Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №243 бұйрығымен бекітілген 2021 жылғы арналған Операциялық жоспарының 99 тармағын орындау үшін, сондай-ақ пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында, 21-сі мен 27-сі маусым аралығында ауданымызда «Шартты түрде» жедел профилактикалық іс- шарасы өткізіліп жатыр.
Махамбет аудандық Пробация қызметінің есебінде тұрған жаза өтеуден жалтарған және іздеудегі адамдарды анықтау, сондай-ақ, есепте тұрған адамдардың қайта қылмыстарын алдын алу мақсатында сотталғандарды тұрғылықты мекен – жайы және жұмыс орындарынан аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп тексеріп, олармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп бақылау жасалынуда.
Қазіргі уақытта барлығы – 33 (2020 жылы - 28), оның ішінде бас бостандығын шектеу жазасына сотталғандар- 24(2020 жылы - 17) тұлға. Шартты сынақ мерзіміне сотталғандар- 2 (2020 жылы - 1) тұлға. Қоғамдық жұмысқа тартылғандар саны 0 (2020 ж - 0) тұлға. Түзеу жұмысына сотталғандар есепте болған жоқ. Белгілі бір қызметтерді атқаруға немесе белгілі бір іс-әрекетпен шұғылдануға тыйым салынған сотталғандар 6/4 (2020 жылы – 9/2 тұлға. Жаза өтеуді кейінге қалдыру жазасына сотталғандар -1 (2020 жылы - 1) тұлға.
А.МОЛДАШЕВА,
аудандық пробация қызметі тобының аға инспекторы,
әділет капитаны
Сурет:дереккөз