ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Сарайшық ауылында болды

Атырау облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Махамбет ауданы, Сарайшық ауылында болып, жергілікті сайлау комиссиясының мүшелерімен, саяси партиялар, БАҚ өкілдерімен  кездесті.

Сапар мақсаты - тұрғындардың сайлау үдерісіне қатысты ой-пікірін тыңдап, ұсыныстарын назарға алу. Өткен жылы өз деңгейінде өткен ауыл әкімдерінің сайлауы жалғасын табатын болады. Алдағы уақытта аудан әкімдерін халықтың өзі сайлауына қатысты жұмыстар жасалады.

Былтырғы ауыл әкімдерінің сайлауында Сарайшыққа жаңа басшы тағайындалған болатын. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының сөзінше, бұл әкімдердің өз жұмысын көрсететін кез келді.

 

 

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT