Махамбет ауданындағы су айдындарында мұз ою жұмыстары жүргізілді

Әсіресе, оттегі тапшылығынан қырылып қалу қаупі жоғары көлдерде жұмыс қызу. Бұл балықтардың қыстан аман шығуы үшін аса маңызды.

Мұз ою жұмыстарына кіріскен балық шаруашылығымен айналысатын «Тілекші» және «Абылайхан» серіктестіктерінің қызметкерлері ауданға қарасты «15 ауыл» және «Қызылжар» су айдындарының мұзын оюға білек сыбана кірісіп кетті. Алдымен қолда бар техникалармен мұзды квадрат пішінде ойып алды. Кейін жан жағын қауіпсіздік мақсатында лентамен орайды да, белгі орнатты. Кооперативтер бір мезгілде 4 майна ойып, балықтарға тіршілік сыйлады.

497e392e-71c2-4fe1-b7e4-e425fd7a5ce5

- Махамбет ауданына қарасты балықтардың тұншығу қаупі бар су айдындарына келіп, ойықтар, үкілер ою жұмыстарын жасап жатырмыз. Жазғы мезгілде шабақтарды құтқару жұмыстарына келетін болсақ, қысқы мезгілде осылай ойық ою жұмыстарын жүргізудеміз. Бүгінгі күні 1 бригада келіп, екі майна және үкілер ойып жатыр. Алға қарайда осындай мелиорациялық жұмыстарды жалғастыра береміз,-дейді «Тілекші» ЖШС директорының орынбасары Асқар Галимов.

Қазіргі таңда мұздың қалыңдығы 10-15 сантиметр шамасында болса, суының тереңдігі 2 метрге жуықтайды. Мұз ою жұмыстарымен балық шаруашылығына қарасты мекемелер ғана емес, жергілікті атқарушы орган өкілдері де айналысады.

c680921c-65a9-4566-90d4-159ce504cba9

- Қаңтар айынан бастап ауданға қарасты ауылдық округ әкімдерінің ұйымдастыруымен ауыл маңындағы көлдерде үкі, майна ою жұмыстарын жүргізе бастады. Ал бүгінгі күні қаладған келген балық шаруашылығы субъектілер «15 ауыл», «Қызылжар» су айдындарында майна ою жұмыстарын жүргізуде.

Жасалған жұмыстар жергілікті атқарушы орган өкілдері мен біздің бөлімнің бақылауында болады,- дейді Махамбет аудандық балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Тілекші Есмұханова.

Бүгінде Махамбет ауданы аумағында 18 көл болса, өткен жылы оның тек алтауына ғана су келген. Осы алты көлдің астындағы тіршілікті сақтау шаралары жүргізіліп келеді. Мұз астына оттегі жіберу шаралары мұз ерігенше жалғаспақ.

 

Қазбек АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз