Сарайшықта 80 орындық мектеп салу жоспарлануда

Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жексенбай Пазуловтың 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы міндеттері туралы есебі тыңдалды.

Аудан әкімінің берген тапсырмаларынан туындаған міндеттерді орындау барысында округте бірқатар шаралар іске асырылған. Өткен жылы округ орталығында «Сапар орталығы» және жаңа мешіт құрылысы басталып, биылғы жылдың ІІ жартыжылдығында аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ М.Өтемісұлы және Н.Ауданов көшелеріне көше жарығы жаңадан жүргізілсе, Ж.Жабаев және ауылдың кіреберіс қақпасына дейінгі көшедегі жарық шамдар LED шамдарына ауыстырылды. Демеушілерді тарту арқылы жаңа мөлтек аудандарға жүргізілген көше жарығына есептегіш құралдар сатып алынып, жарық іске қосылды.

7fe13e04-35cf-4b41-b908-5582d1efc4a8

«Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Жол картасы» шеңберінде Сарайшық ауылдық округінде 2023 жылы 80 орындық мектеп құрылысы, 16,8 шақырым ауылішілік жолдарын күрделі жөндеу, 3,7 шақырым су тасқынынан қорғану бөгеттерін салу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 80 орындық мектеп құрылысының ЖСҚ-сы облыстық құрылыс басқармасы арқылы жасақталуда.

Ауылда 2 су тазарту қондырғысы жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта ауыл халқы ауыз суды орталықтандырылған су желісі арқылы тұтынуда. Сарайшық ауылының су тазарту қондырғысының кемшіліктерін толық анықтау мақсатында былтырғы жылы Орал қаласынан арнайы мамандандырылған тәуелсіз «Hazar aqua» мекемесі шақыртылып, зерделеу-тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде су тазарту қондырғысын іске қосу үшін күрделі жөндеу жұмыстары қажет екендігі анықталды.

9698cd52-1027-4bf7-989c-0b39eb6cc891

- Сарайшық ауылында орналасқан таза су қондырғысына 2019 жылы «Damy Story City» ЖШС ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізген болатын. Алайда жөндеуден өткеннен кейін таза су қондырғысында көптеген кемшіліктер пайда болып, таза су қондырғысы арқылы аптасына 3 рет, екі сағаттан ауыл тұрғындарына су берілуде. Кемшіліктерді жою үшін аталған мекеменің үстінен Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жолданды. Қазіргі уақытта арыз бойынша соттың ісі қаралып, 2021 жылдың 19 қараша күні кепілдік мерзімге сәйкес шарт бойынша кемшіліктерді жоюды міндеттеу жөнінде сот шешімі шығарылды. Соған қарамастан мердігер мекеме жоғарыда айтылған шешімге апелляциялық шағым беріп, сот алқасында ағымдағы жылдың 3 наурызында қаралатын болады,- дейді ауыл әкімі.

320 орындық Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінде 555 оқушы білім алса, оларға 56 мұғалім дәріс береді. Ескі Сарайшық ауылынан 75 оқушы мектеп көлігімен тасымалданса, ыссы тамақпен 300 бала қамтылып отыр. Өткен оқу жылының қорытындысымен білім сапасы 57,6 пайыз болса, ҰБТ қорытындысымен орташа балл 90,3 пайызды құрады. Мектеп бітірген 11 түлектің 8-і мемлекеттік грантқа ие болды. Білім беру саласындағы проблемалық мәселелердің бірі – орыс тілі пәні мұғалімінің жетіспеушілігі.

Қазіргі таңда «Бүлдіршін» бөбекжайбақшасында 95 бала 4 топқа бөлініп, қамтылуда. Қазіргі таңда округ бойынша барлық мектепке дейінгі жасындағы балалар толықтай қамтылмай отыр. Себебі, қазіргі балабақшаның сыйымдылығы 95 балаға арналған, ал балабақша кезегінде 115 бала тұр. Сондықтан ауылға жаңа типтік үлгідегі бөбекжай қажеттігі туындауда.

Қ.АЙТҚАЛИҰЛЫ

 

Сұрақ-жауап

- Ескі Сарайшықты көшіре ме, әлде сол күйі қала ма?

- Бұл мәселе бойынша облыс әкіміне ұсыныс хат жолданды. Қазіргі таңда бас жоспар жасақталуда. Жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталғаннан кейін ауылдастар болып шешеміз. Ескі Сарайшықтың көшетін орын құжат жүзінде дайын. Тек оған қаржы қажет.

- Ауылдағы саябақтарды, әсіресе «Жеңіс» саябағын жаңарту жұмыстар жүре ме?

- Үш паркті жөндеуге ЖСҚ жасақтау жұмыстары бойынша наурыз айында сессияға ұсыныс жолдаймын. Аудандық мәслихат депутаттары қолдап, қаржысы бөлінсе,  ЖСҚ жасақтап аламыз. Содан кейін жөндеу жұмыстарын жүргіземіз.

097ead32-1b42-4ff7-9666-20458d18403b

- Ескі Сарайшық маңында қазба жұмыстары жүргізілуде. Бірақ сол жерді қорғау аймағы әлі күнге дейін анықталмаған секілді. Егер анықталған болса, қаржыландыру мәселесі қалай жүргізілуде?

- Қазба жұмыстарын жүргізу аймағын қоршау мәселесі биылғы жылы шешіледі. Министрлік тарапынан «Қазреставрацияға» қаржы бөлінді. Аталған мекеме өкілдері жақын арада Сарайшыққа келіп, қорғау аймағын анықтайды.

- Қасым ханның есімін ауылдың басты көшелерінің біріне беру туралы ұсыныс биыл шешіле ме?

- Көшеге атау беруді ономастикалық комиссия шешеді. Бірақ Қасым ханның есімін кіреберіс көшеге беру үшін ол көшенің бұрынғы атауын өзгерту қажет болады. Бұған белгілі бір қаражат керек.  Қаржы мәселесін шешу бойынша кәсіпкермен келіссөз жүргізілуде. Келер айда шешіледі деп күтілуде. Кейін комиссияға салып, жұмыстар жалғасады.

acc62546-ec3f-4a87-ab48-94c39d4697ec

- Жайық жағасындағы қазба жұмыстары кезінде табылып, қалыпқа келтірілген бейіттің тастары ұрланды. Табылатын түрі көрінбейді. Қылмысты ашуда қандай жұмыстар жасалуда?

- Қазба барысында табылған тастардың ұрлау фактісі бойынша арыз полиция бөліміне түсті. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ол қазба аумағын толық қоршамай, мәселе шешілмейді. Немесе жеке меншік күзет қызметін пайдалануға да болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT