Рәміздеріміз ұлықталған күн

“ Өнерпаз” мәдениет үйінде 4 маусым- Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне орай “ Байрағым, Елтаңбам мен Әнұраным” атты мерекелік шара өтті. Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі Ринат Бауыржанұлы аудан  тұрғындарын атаулы мерекемен құттықтады. 

- Бүгін – Тәуелсіз еліміздің тарихындағы ерекше күн. 1992 жылғы маусымның 4-інде алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік Рәміздері бекітілгені белгілі. Осы орайда баршаңызды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
6ad58ac1-d596-4fe6-bc5c-37adc3f1af62

Мемлекеттік Рәміздер – ел тәуелсіздігін әлемге танытатын символы, мемлекетіміздің бүгіні  мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

         Рәміздерге деген құрмет пен сыйластық әрбір қазақстандықтың санасымен қатар, жүрегінде жалындап жануы тиіс...

Біз болашақта бұдан да бай, қуатты елде өмір сүретінімізге сенімдіміз. Біздің тілегіміз -   бәріміздің жүрегіміз Отан деп соғып, Тәуелсіздік туы желбірей берсін!

«Менің Қазақстаным» атты Әнұранымыз әрбір қазақстандықты бірлік пен татулыққа үндеп, Елтаңбамыз бостандықтың, жарқын өмірдің символы бола бергей!  Мереке құтты болсын!, - деген лебізін білдірді.

6a2e6d4d-dbca-45e5-a7ea-5b815d191172

Шара одан әрі марапаттау рәсіміне жалғасты.  Атап айтсақ,бұған дейін аудандық мәдениет,тілдерді дамыту,денешынықтыру және спорт бөлімінде бірнеше жылбасшылық қызмет атқарған, бүгінде аудан әкімі аппараты басшысы Аруев Нұрғали Латифұлы "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен,   Бейбарыс ауылдық "Жас дәурен" мәдениет үйінің басшысы Мәншүк Жаленова Михайлқызы  Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің  «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Сонымен қатар, аудандық  өнер  мектебі   жанындағы  «Атамұра» ұлт-аспаптар оркестрі мен Ақтоғаймәдениет үйінің «Ару ана» әжелер ансамблі «Халықтық»  атаққа  ие  болды.

0b921989-5dcc-423d-b16b-f04293edb424

Талантты жастар еліміздің рәміздеріне деген құрмет қошеметін ән арқылы жеткізіп, көрермендерді тебірентті.

Иә, қазақ қазақ болғалы төрткүл дүние халықтары елдігіміз бен ерлігімізді ұлтымыздың айнымас бөлшегіне айналған рәміздерімізден жазбай таниды. Келер ұрпаққа атадан балаға мирас боп қалған, қойнауы алтынға толы жеріміз бүгінде түрлі ұлт пен ұлыстың мекендеген Жерұйығы.  

Аманаттың жүгін арқалаған жастар бүгінде еліміздің даңқын шартарапқа жеткізіп, Көк Туымызды желбіретіп, Әнұранымызды шырқатып жүр. Бұдан асқан қандай мәртебе керек десеңші.

ШЫРЫН ТӨЛЕГЕНОВА,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің журналистика мамандығының 1 курс студенті

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT