Махамбет аудандық әкімдігіндегі кадрлық ауыс-түйіс: бөлім басшылары тағайындалды

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып Алтынбек Қуанғалиев тағайындалды.

 Аталған бөлімде бас маман міндетін атқарып келген Алтынбек Есенбекұлы еңбек жолын 2010 жылы Орал қаласындағы, «Айбек Сервис» ЖШС-де Инженер-жерге орналастырушы болып бастаған.  
f40e0bf0-0e40-4f6d-a081-37659b5d7b80

2011-2012 жылдары аралығында «Атырау жер  ҒӨО» ЕМК мекемесінде, маман-жерге орналастырушы, 2012-2015 жылдары аралығында «Жер  ҒӨО» РМК мекемесінде маман-жерге орналастырушы, 2015-2021 жылдар аралығында Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімінде бас маман, бөлім басшысының орынбасары, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ бүгін аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы болып Қайырғалиев Асылжан Қайырғалиев тағайындалды.

e39d2b06-a13f-4aae-8757-96648983bec7

Бүгінге дейін аталған бөлімде сектор меңгерушісі міндетін атқарып келген Асылжан Саматұлы еңбек жолын 2005 жылы Махамбет ауылында, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. Облыс, аудан әкімдерінің аппаратында қызмет атқарған.

 

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521