Махамбет ауданында референдумға дайындық жоғары деңгейде

Ауданымызда Республикалық референдумға дайындық Орталық референдум комиссиясының бекіткен календарлық жоспарына сәйкес ұйымдастырылуда. Аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы С.Шотпақовтың айтуынша өңірде 18 учаскелік референдум комиссиялары және 115 комиссия мүшелері бар.

Аудан бойынша республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 16780 азамат тіркелген.

- Азаматтарға дауыс берудің орны мен уақыты хабарланды.

Референдумға қатысушы азаматтар өздері тіркелген учаскелерден өздері туралы мәліметтермен таныса алады.

Барлық учаскелер материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген (урналар, кабиналар, оргқұралдар, сейфтер, компьютерлер, телефондар, т.б.) Ауданда референдумға келіп қатысуға мүмкіндігі жоқ, бірақ қатысқысы келетін қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қосымша шаралар қабылданды.

Барлық учаскелік комиссиялар дауыс беруге арналған бюллетеньдермен қамтылды-деді ол.

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT