ХАЛЫҚ САНЫ 34 МЫҢҒА ЖЕТТІ
Елді дамыту бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан реформалардың қарқыны мен нәтижелерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айта келіп, сайлауалды бағдарламада көрсетілген тапсырмаларды орындаудың маңыздылығын атап көрсеткен болатын. Тәуелсіздіктің ордалы отыз жылында өңіріміздің экономикасы мен мәдениеті, әлеуметтік саласы елеулі табыстарға қол жеткізді. Махамбет ауданының халқы 1991 жылы 26 мың адам болса, 2020 жылы ол көрсеткіш 34 мыңға дейін өсті. Жалпы аудан көлемін 954 573 гектар жерді құрайды. Ауданымыздың экономикасы ауыл шаруашылығына негізделген. Ауыл шаруашылығына арналған жер көлемі 262 841 гектар болады. Басымыз ғана емес, экономикамыз да ілгерілеп, жүйелі өсіп, халықтың әл-ауқаты жақсарды. Аудан өңірінің мәдениетін, экономикасын, әлеуметін дамытудың 7 бағыты айқындалған 92 іс-шара картасы жасақталып, оның орындалысы бақылауға алынған болатын. Бұл жұмыстың алпысын жүзеге асыру үлесі 2021 жылға тиесілі болды. Осы тапсырмалардың орындалысына тоқталсақ, бүгінде аталған ісшаралардың 46-сы немесе 76 пайызы жүзеге асты. Ал, оның 14-і атқарылу үстінде.
МАЛ БАСЫ ӨСІП, ЕГІС АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙДЫ
Мемлекет басшысының жоғарыда аталған Жолдауында: «...шағын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, соның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтарға да қолжетімді болуын қамтамасыз ету маңызды...Жемшөп дайындауға қажетті жер көлемін кеңейткен жөн. Сондай-ақ, егіс алқабына әр жылы әртүрлі дақыл егу талабын сақтау үшін тиісті бақылауды күшейткен абзал», - деп атап көрсеткені белгілі. Бұл тұста айтайын дегеніміз ауданда жылдың төрт мезгілі бойында күтімі мен бағымы үзілмейтін мал шаруашылығында мал басын өз төлі есебімен қатар сатып алу арқылы молайту, сондай-ақ мал азығын дайындайтын егіс алқаптарын ұлғайту жұмыстары да тұрақты жүргізіліп келеді. Мал шаруашылығы цехтары бойынша Есбол ауылдық округіндегі « М ә д и » ш а р у а қ о ж а л ы ғ ы н а 334 және «Жайық AGRO» шаруа қожалығына 2000 бас қой малы алынып, оны бірдейлендіру дерек қорына енгізіп, бағымға алынды. Бейбарыс ауылындағы жеке кәсіпкер Р.Темірғалиевтың 1000 бас мүйізді ірі қара малын бордақылау алаңының құрылысы аяқталып пайдалауға берілді. Кәсіпкер «Сыбаға» бағдарламасы аясында 70 миллион теңге несиемен 120 бас малды алып, бордақылау алаңына кіргізіп, бағым жұмысын бастады. Негізі мүйізді ірі қара малының өсімін 2021 жылы 103 пайызға жеткізу жоспарланған. Бұл тапсырманы ауданымыздың малсақтары 104,3 пайызға жеткізе орындап, ерледі. Сонымен қатар «Сыбаға» бағдарламасы бойынша асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының санын 519 басқа арттыру жоспарға сәйкес жүргізілуде. Күні бүгінге ауданымызда «Сәрсенов Н» өз қаражаты есебінен 80 бас, Бақсай ауылдық округіндегі шаруа қожалықтары – «Мүтиев» асыл тұқымды 6 бас, «Аманғалиев» 4 бас бұқа малын, алғалық «Ақмоншақ» 120 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара алып, күтімін зоотехникалық шараларға сай жұмысын бастаған. Негізі аудан шаруашылықтарында мүйізді ірі қара малы 18151 бас, ұсақ қара мал үлесі 47047 басты құрады. Сонымен қатар бұрыннан мал азығы дайындалып келген 2360 гектар екпе шөп алқабының көлемін бес жылда кезең-кезеңмен 100 гектарға ұлғайту көзделген болатын. Аудан диханшылары бұл тапсырманы артығымен немесе жер көлемін 87 гектарға кеңейтугеқол жеткізді. Шаруашылықтарда мал азықтық екпе шөп өсіретін алқаптарды кеңейту шараларын жалғастыруда. Қазіргі айтылған жер көлемі бұдан да көп болуы сөзсіз. Мысалы, Ақжайық ауылдық округіндегі «Жұмағалиева М.М.» шаруа қожалығының тек өзі 2021 жылы бұрынғы қолданыстағы 12 гектар жоңышқалық егіс алқабын 90 гектарға, бақсайлық «Жарасов» шаруа қожалығы бұрынғы 500 гектар суармалы табиғи шөп өсіретін алқабының 280 гектарына түрлі мал азықтық екпе шөп егіп, өсіруге қол жеткізді. Ауданға қарасты Алға ауылдық округіндегі «Дәурен» шаруа қожалығы мал азығын дайындайтын егіс алқабын 5 гектардан бастаған болатын. Шаруагер ішкі ресурстық жағдайын есептей келіп, ол жерін 30 гектарға ұлғайтып, жоңышқа шөбін егіп, округ өңіріндегі малшылар қауымын сапалы мал азығымен қамту ісіне өз үлестерін қосып келеді. Сондай-ақ мал азықтық екпе шөпті өсіруді 2 гектардан бастаған, осы ауылдағы «НұрДәулет» шаруа қожалығы, биыл қарауындағы жердің көлемін 10 гектарға өсірді. Мемлекет басшысының Жолдауында: «...Ауыл шаруашылығын технологиялық тұрғыдан қайта жабдықтауды қолдау тәсілдерін м ұ қ и я т қ а р а у ы м ы з қ а ж е т . Агроөнеркәсіп кешені қолданатын технологияның шамамен 90 пайызы әбден ескірді. Оны жаңғырту керек.», - деп атап көрсетті. Кезінде мамандардың күшімен а у д а н ы м ы з д а ғ ы е г і н м е н м а л шаруашылықта қолданыста жүрген техникаларға, технологияларға жүргізілген сараптама қорытындысы ауданға 94 ауыл шаруашылығы техникасының қажеттігін анықтады. Бұл техникаларды бес жылдың ішінде алып болуымыз керек немесе кезең-кезеңмен жүзеге асыру көзделіп, жүзеге асырылуда. Енді жоғарыда айтқанымыздай, атқарылып жатқан нақты 25 жұмыс б а р ы с ы н а н а з а р а у д а р а й ы қ . Айталық, биылдың өзінде 8 шаруа қожалығы мен жауапкершілігі шектеулі серіктестеріне өздеріне қажетті 16 ауыл шаруашылығы техникаларын алды. Жыл аяғына дейін тағы да 10 шаруашылық жаңа техника құралдармен жабдықталып болады деп күтілуде.
КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСУДА
Қазақстан Президенті өз Жолдауында айтқандай, азаматтар мен жеке кәсіпкерлерге пандемия сияқты дағдарыс кезінде, мемлекет «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы» бағдарламалардың арқасымен ауқымды жедел қолдауды көрсете білді. Әсіресе, «Қарапайым заттар экономикасы» бағадарламасымен жұмыс жүргізу кезінде Қазақстанда 3 , 5 м ы ң н а н а с т а м ж о б а і с к е қосылғаны баршаға аян. Сонымен қатар 70 мың жұмыс орны ашылған. Ауданымыз бойынша осы аталған бағадарламаларының аясында бес жылда 5 жобаны іске қосу жүктелген. Үстіміздегі жылы бұл бағытта Cарытоғай ауылында «Guryev» жауапкершілігі ш е к т е у л і с е р і к т е с т і г і н і ң с у есептегіш құралдарын жасайтын немесе тұрғындар тұтынатын тауар түрін шығаратын зауыт құрылысы басталғанын айтуға болады. Ауданда «Бизнестің жол картасы 2025» бағадарламасымен кәсіптік қызмет жүргізуге ниет білдірген 12 азаматтың жаңа жобалары ұсынылып, кәсіпкерлік бөлімі арқылы бизнес әлемінен кеңес беру көмектері көрсетілді.
Сондай-ақ «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасымен а у д а н ы м ы з д ы ң 8 а з а м а т ы н а кәсіптік қызметін жүргізу үшін қайтарымсыз грант беру жұмыстары ұйымдастырылды. Аудан орталығында жылдың төрт мезгілі бойы аптаның әр сенбісінде ж ә р м е ң к е ө т к і з у т ә ж і р и б е г е толықтай енгізілді. Жәрмеңкедегі азық-түлік бағасы бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасына теңестірілген. Жәрмеңке бағасы дүкендегіден бес пайызға төмен ұсталған. Сонымен қатар, ауданның тауар өндірушілерінің өнімдерін «Бизнес – инкубатор, кәсіпкерлерге арналған үкімет және коммуналдық базар» объектісінде сатылымға шығару мүмкіндігі тәжірибеде бар. Осы жәрмеңкені өткізіп жүрген «Нарын» базары қайта сәулет құрылысына сай жаңғыртылып, абаттандырып сенімгерлік басқаруға берілді. Мемлекеттік даму институттары арқылы, «Бизнестің жол картасы 2025» бағадарламасы шеңберінде осы жылдың өзінде «БанкЦентрКредит» арқылы бір кәсіпкерді 3,0 миллион теңгеге несиелеуге қол жеткізілді. Айта кетейік, 2020 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында бес кәсіпкердің жобасы 257,4 миллион теңгеге қаржыландырылған болатын. Ал 2021 жылдың тоғыз айында ауданымыздың үш шаруа қожалығы 83 миллион 250 мың теңгеге несиелендірілді. 2021 жылға аудан тұрғындарының орташа айлық жалақысын 247 мыңға жеткізу көзделді. Ол осы жылдың қаңтар-тамыз айларында бұл сан 238 404 теңгені құрады. Белгіленген жоспар жыл соңына дейін орындалады деп күтілуде. Бұл мәселе жұмыс көзінің көбеюіне тікелей байланысты болғасын жерде айтайын: ауданда үстіміздегі жылдың мамыр айына дейін 1347 шағын және орта кәсіпкер нысаны жұмыс жасады. Бұл көрсеткіш 2020 жылғымен салыстырғанда 2,1 пайызға жоғары болды. Биылдың өзінде ауданда жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік нысандарда 2216 адам жұмыс жасайды. Осы жылға жұмыссыздық деңгейін 4,9 пайызға жеткізу міндеттелген болса, ол көрсеткішті 4,4 пайызға өзгертуге ауданымыздағы шағын және орта кәсіпкерліктің де үлесі болды деп есептеймін.
ЖОЛ САПАСЫ БӘРІНЕН МАҢЫЗДЫ
Экономика мен әлеуметтік салаларымыздың дамуын дағдарыстардан қорғап, оның ұдайы тоқтаусыз өркендеуін қамтамасыз етуші болып, аймақтың ішкі және сыртқы жолдары болып табылады. Демек, ауданда 172,1 шақырым жергілікті маңызы бар жол бар. Жолдың 93,9 пайызы күрделі жөндеуден өтті. Қосымша ауылішілік 11 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2014-2015 жылдары Махамбет ауданының елді мекендерін сәулет құрылыс ережесіне сай абаттандыру, көркейту жұмыстарын жүргізу үшін ауданның бас жоспарын кезең-кезеңмен жасап, аудандық мәслихаттың сессиясында бекітілген болатын. Бұл күндері аудан көлемінде жүргізіліп жатқан инфрақұрылым жұмыстары сол бас жоспар желісімен жүргізіліп жатса, биыл бұл бағыттағы жұмыстар аудан орталығы Махамбет, Алға а у ы л д а р ы н ы ң т ұ с т а р ы н д а ғ ы жағалауларын тасқын суынан бөгеу құрылысын абаттандыру жұмыстарымен жалғасты. Биыл бұл құрылысты жүргізуші мердігер отандық «Павлодар өзен порт» акционерлік қоғамы осы құрылысқа республикалық қордан қаралған 3 миллиард 174 миллион теңгені сапалы игеретін болып, жұмысты қолға алды. Бейбарыс, Алға, Таңдай ауылдарында 87,4 шаршы шақырымдық инфрақұрылым жұмысы аяқталып келеді. Осы аталған елді мекендер тұғындарының жеке тұрғын үй салуға жер сұраған өтініштері с а н а у л ы м е з г і л д е р д е н с о ң қанағаттандырылады.
ТҰРҒЫН ҮЙ САТЫП АЛУҒА 84 МЛН. БӨЛІНДІ
Осы жылға орындалу барысы сөз болып жатқан бес жылдық жоспарымызда «Кезектегі 354 отбасы, оның ішінде жастар мен әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар тұрғын үймен қамтамасыз ету» деген тарау бар. Аталған топтағы отбасыларына тұрғын үй сатып әперу үшін аудан ұсынысына орай облыстық мәслихаттың сессиясында 84 миллион қаражат бөлінді. Ауданда тұрғын үйді сатып алу жайын зерделеу - анықтау немесе конкурстық рәсімдер жүргізетін комиссия өз жұмысын бастады. Бұл жұмысты негізі аудандық тұрғын - үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғынүй инспекциясы бөлімі арқылы ұйымдастырылуда.
ҚАЙТАРЫМСЫЗ ҚАРЖЫ ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІНЕ
Негізі ауданда кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында өз бетімен кәсіп ашып, шаруа жүргіземін деген ауыл азаматтарын қолдау жұмыстары жоспарлы жүргізіліп келеді. «Жаңа бизнес идеялар» бастамаларын жүзеге асырушыларға қолдау көрсету үшін бес жылда 11 қайтарымсыз грант беру жоспарланған болатын. Биылдың өзінде бизнес курсынан өтіп келген өңіріміздің 6 азаматы қайтарымсыз грантпен өз кәсібін бастады. Аудандағы тоғыз ауылдық округтен бизнес оқуынан өткен азаматтарды өз кәсібін ашуға жоғарыда айтқандай, қайтарымсыз қаржымен қолдау көрсету жұмыстары жалғасын табуда.
ӨМІР СҮРУ 71 ЖАСҚА ҰЗАРДЫ
Бірінші байлық – денсаулық» демекші, ауданымыздағы денсаулық мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, мамандармен қамтамасыз ету шаралары назардан тыс қалып көрген емес. Қазіргі таңда аудандық ауруханада 32 дәрігер еңбек етеді. Аудандық аурухана 2020 жылы төрт дәрігермен толықтырылды. Ауданымызға келген үш дәрігерге Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы бір жолғы әлеуметтік қолдау ретінде бір миллион теңге мөлшерінде қаржылай көмегі берілді. Ауданға келген барлық жас дәрігер мамандар қызметтік жаңа үлгідегі үйлермен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар аудандық ауруханаға бір тәжірибелі дәрігер жұмысқа тартылды. Ақ халатты абзал жандардың білімін жетілдіру шаралары да жоспарлы жүргізіліп келеді. 2021 жылы ауруханаға 2 жедел жәрдем автокөлігі алып берілді. Аудан бойынша 2021 жылы өмір сүру ұзақтығы 71 жасқа ұзарған. Пандемияның екінші кезеңінде аудандық ауруханада барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақтала отырып, қосымша резервтік 10 төсектік қарқынды емдеу бөлімшесі ашылды. Бөлімше 2 дәрігермен, 3 орта буын медицина қызметкерімен, 6 дана ИВЛаппаратымен қамтамасыз етілді.
БІЛІМ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА
Махамбет ауданының білім саласы бойынша жұмыс жасап келе жатқан 15 мектеп 5540 оқушыға білім береді. Мектеп оқушыларының 1692-сі тұрақты мектепішілік спорттық секцияларға қатысады. Облыс әкімінің бастамасымен білім беру сапасын арттыра түсу мақсатында тың жобаны қолға алдық. «Атырау облысында білім беруді дамытудың «2021-2023 жылдарға арналған жол картасын» жүзеге асыру үшін осы бағытта ауданда білім беруді жақсарта түсудің жол картасы жасақталып, орындалысы бақылауға алынды. Бұл - карта тек мектеп шеңберімен шектелмей, оқушылардың, мұғалімдердің, атааналардың өзара үйлесімді қарымқатынасын қамтамасыз етуді көздейді. Аудандағы 15 мектептің ғ и м а р а т т а р ы ж а ң а ж о б а м е н салынған немесе апаттық жағдайдағы немесе ғимараттары ескі мектептер жоқ. Ауданда бала өсіміне қарай мектептердің сыйымдылығын зерделеп, анықтау жұмыстары жоспарлы жүргізіледі. 2025 жылға дейін облыста 48 мектеп салынатын болса, соның шапағаты ауданымызға тиіп жатыр. Атап айтатын болсақ, құрылысы 2022 жылы басталып, 2023 жылы пайдалануға берілмекші 3 0 0 о р ы н д ы қ и н т е р н а т ы м е н , сыйымдылығы 600 орындық мектеп құрылысын жүргізуші мердігер «Батыс-Альянс строй» мекемесі жұмысын 2021 жылы бастады. Биыл мектептер жоғары білімді 24 маманмен толықтырылды. Оларды «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында барлық қолдау шаралары ұйымдастырылды. Пән мұғалімдерінің кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық о р т а л ы ғ ы м е н П е д а г о г и к а л ы қ шеберлік орталығынан барлық пән бойынша, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 2020-2021 оқу жылында 226 мұғалім біліктілік курсынан өткен. Бұл бағыттағы жұмыстар осы оқу жылының аяғына дейін де алдағы мезгілдерде жалғаса беретін болады.
СПОРТТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ 14 ПАЙЫЗ
Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту жұмысының деңгейін 2021 жылы 27 пайызға жеткізу көзделген еді. Ол осы жылдың сегіз айында дене шынықтыру мен спортпен жүйелі шұғылданушылар саны 7360 адамға немесе халық санына шаққанда 24,8 пайызға орындалды. Ауданда 82 спорттық нысан бар. Махамбет ауылынан 160 орындық спорт кешені салынуда. Аймақта 1000 орындық спорт алаңы, жасанды жасыл түсті төсеншімен 18 шағын футбол, екі ашық баскетбол, 2 стритворкаут тренажер алаңдары жұмыс жасайды. Жоғарыда аталған спорт кешенін салу құрылысының жұмыстарын мердігерлер ағымдағы жылдың соңында аяқтаса, халықтың спорттық инфрақұрылымымен қамтамасыз ету 14 пайызға жетеді.
ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУШЫЛАР АЗАЙДЫ
П а р т и я н ы ң с а й л а у а л д ы б а ғ д а р л а м а с ы н д а « Е р е к ш е қажетіліктері бар азаматтар үшін кедергісіз ортамен 100 пайызға қамтамасыз ету» деген тармақ бар. Бұл бағыттағы жұмыс партияның «Кедергісіз келешек» жобасына сәйкес, «қол жетімділіктің интерактивті картасы» порталына аудан бойынша бес жылда 105 нысан енгізілді. 2021 жылы осы 105 нысанның 60-на пандус құрылылысын жүргізу жоспарланған болатын. Ол тапсырма бес пандусқа артығымен тұрғызылып, бағдарламаның бұл тармағы 61,9 пайызға орындалды. Ауданда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың үлесі төмендеп келеді. 2021 жылдың қазан айының біріндегі есеп бойынша 97 отбасындағы 528 адамға 17 290 090 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
ҰЛТТЫҚ КОД – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗІ
NurOtan» партиясы Махамбет аудандық филиалы өңір тарихын зерделеу, сараптау жұмыстарын басты назарда ұстап келеді. Сарайшық қалашығында жүргізіліп жатқан архелогиялық жұмыстың жүйелі атқарылуына қолдау жоспарлы көрсетілуде. 2021 жылы «Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы» мемориалдық кешеніне аяқтай келушілер саны 5200 болды. Пандемияға байланысты онлайн форматта кешеннің жәдігерлерін 57 759 саяхатшы тамашалаған. «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы шеңберінде Сарайшық ауылына этно-ауыл құрылып, даңқты дәуірдегі бабалар тарихынан театрландырылған қойылымын ат арылтып, алыстан-жақынан келген 2000 – ға жуық адам тамашалады. Ұ л т т ы қ б і р е г е й л і к т і қалыптастыруды және ұлттық мәдени кодын, «Рухани жаңғыру», « Ұ л ы д а л а н ы ң ж е т і қ ы р ы » бағдарламаларына сай жас ұрпаққа ұлттық менталиттігін терең меңгеруі үшін аудандық З.Ещанова атындағы өнер мектебінен қазақтың көне аспаптары «Жетіген», «Шертер» сыныптары ашылды.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Қ.ТОҚАЕВТЫҢ ТАПСЫРМАСЫНА САЙ ҚАБЫЛДАНҒАН «2021-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘЛЕУМЕТТІКЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫН» АУДАН ӨҢІРІНДЕ ІС ЖҮЗІНДЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН ЖОЛ КАРТАСЫ ЖАСАҚТАЛДЫ. БҰЛ ҚҰЖАТТАР ОБЛЫС, АУДАНЫМЫЗДА ЖЫЛДАР БОЙЫ КЕЛЕ ЖАТҚАН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШЕ ОТЫРЫП, ӨҢІРЛЕРДІҢ ЖАҢА СЕРПІНМЕН ДАМУЫНА, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ АРТУЫНА ЖОЛ АШАДЫ.
Ринат Бауыржанұлы ЖАНҚЫЛЫШ,
Махамбет ауданының әкімі