Аудандық сотта ашық есік күні өткізілді

Аудандық сотта 2020 жылдың 31 қаңтарында ашық есік күні өткізілді.

Татуласу орталығында шараға келген азаматтарды сот судьясы Сарсен Амантаев қабылдады.

Ашық есік күнін ұйымдастырудағы басты мақсат- халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, адамдар арасындағы бітімгерлік институтын көпшілікке түсіндіру еді.

Келген азаматтардың мәселелері әртүрлі болды, оның ішінде қарыз ақша, алимент, неке және отбасына қатысты, тағы басқа сұрақтар болды.

Судья С.Амантаев шараға келген азаматтарға Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі халыққа Жолдауын кеңінен насихаттап, сот жүйесіне енгізілген пилоттық жобаларды, сот жүйесіндегі ақпараттық технологияларды, сотта және сотқа дейін татуласудың артықшылықтарын кеңінен айтты.

Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз