Мәртебелі міндет

Елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалының тұрақтылығы тікелей мемлекеттік қызметке байланысты.

Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет көрсету.Сондықтан елдің мүддесін бірінші орынға қойып, тез әрі әділ шешім қабылдай алуымыз міндетті. Менің мемлекеттік қызметке аяқ басқаныма екі жылдай уақыт болды.

Қазіргідей күрделі кезеңде ел алдында тұрған өзекті мәселелерді жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер екендігін ескере отырып, мен өз іс-әрекет, білім, тәжірибеммен ғана емес, әділ,қарапайым әрі сабырлығыммен кез келген ортада үлгі болуым керек деп есептеймін.

Менің функционалдық міндетімнің көп бөлігі әлеуметтік саламен байланысты. Соған сәйкес мүмкіндігі шектеулі жандар, жұмыссыздар, аз қамтылған отбасылармен жұмыс жасаймын. Мен үшін олардың кез келген қиындықтарына көмектескеннің өзі жұмысымның жетістігі деп білемін.

Венера НҰРТІЛЕУОВА,

Бақсай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT