Аудан абыройын асқақтатқандар

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметші білімді ғана емес, сонымен қатар, жоғары моральдық жауапкершілік, әділдік, адалдық заңды жағдаяттарды өмірлік ұстанымына айналдырған азамат болуы қажет.

Бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған азаматтар қашанда мемлекеттік қызметтің тұғырын биік көтеріп тұратыны міндет белгілі. Ауданымызда мемлекеттiк және ведомство қызметкерлерін спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту,салауатты өмiр салтын насихаттау,бұқаралық спортты дамыту, спорт арқылы достық қатынасты орнату мақсатында ұйымдастырылатын әрбір спорттық шараларға мемлекеттік қызметшілеріміз өз үлестерін қосып келеді.

Атап айтсақ, жыл сайынғы өткізіліп келе жатқан мемлекеттік қызметшілер спартакиадасына, спорттың шағын футбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, бильярд, волейбол, баскетбол, арқан тарту, жүзу секілді түрлерінен қатынасып келеді. Ауданымыздың абыройын асқақтатқан мемлекеттік қызметші ардагерлеріміз С.Шотпақов, С.Жайлашев, М.Сейтқалиев, Е.Андашев, М.Мырзашев, ОҚайрекешова, А.Сейлова, Г.Бекбаева, Г.Уразгалиевалардың ізін басып жалғастырып келе жатқан қызметкерлеріміз А.Қабдолова, Н.Пернебеков,Ж.Даулетқалиев, С.Меденов, Р.Мусин, М.Әділғалиев, А.Зұлқашев, Б.Қайырғалиев, А.Сисенов, Саменова,О.Мырзабаев, А.Салиев, Т.Дауылбаев, Ж.Дюшимова,П.Таңатова, А.Жаңбырбаева,Қ.Лұқпанов т.б. атап өтуге болады. Аудан сахнасында ән айтып, көркемсөз оқып, көрініс қою жанрларында өнер көрсетіп, көрермен көзайымына айналып жүрген мемлекеттік қызметшілерді атасақ Н.Аруев, Б.Сапиева, Р.Мусин,А.Сисенов, З.Сарсенгалиева,Ф.Арыстангалиева, Т.Дауылбаев,П.Таңатова, С. Есаулова, Н.Нұрмолдаеваларды жақсы білеміз.

Жоғарыда аты аталғандардың барлығы да өз қызметтерімен қоса ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген мемлекеттік қызметшілер.

Барлық әріптестерімді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, Қазақстан халқына қызмет ету сияқты мәртебелі істе табыс, жақсылық пен бейбітшілік, кемеңгерлік пен төзімділік,отбасыларыңызға мықты денсаулық, ел игілігі жолында жасалған барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін.

Н.САМЕНОВА,

аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521