Сіздерді көктемгі күннің көзіндей жылы жүзді, тұла бойына сұлулық тұнған, арқаның ажарындай нұрлы келбетті, қызғалдақтай алаулаған аруларымызды көктемнің күлім қаққан шұғылалы мерекесі — 8 наурыз мейрамымен құттықтаймыз!
Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз. Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі — көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!
Ананы сыйлаған, имандылыққа ұйыған халқымызда «Ананың сүйген жері — отқа күймейді, оқ та тимейді» деген тәмсілге сай олардың жүзін мұң шалмауы үшін бар жақсылықтың жалғасатыны анық.
Бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да бір мәрте құттықтай отырып,әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын дегіміз келеді.
«Жайық-Ақпарат» ұжымы