Бүгін Махамбет ауданы әкімдігінде "Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербейтін" әйел-аналардың құрметіне арналған салтанатты шара өтті.
Алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімі Ж.Ахметов барша әйел қауымын құттықтап, ізгі тілегін арнады.
Кейін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Сәменов, қоғамдық кеңестің төрағасы С.Жайлашев, мәслихат хатшысы М.Мырзашев ауданның дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген жандарды мерекемен құттықтады.
Аудан өнерпаздары әннен шашу шашты. Нұрболат Байахметтің "Анаға сәлем", Еламан Ғафуровтың " Еркеледің сен" әндерін жиынға келгендер қосыла шырқады. Ал Перизат Жазылбекова "Екі жиренді" нақышына келтіре орындаса, Ғизат Есенғожин "Балбырауынды" төгілтті.
Бүгінгі айтулы мерекелік кеште Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының қор сақтаушысы Орындық Сағынбаева Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Туризм саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды.
Сондай-ақ аудандық мәслихат апппаратының басшысы Орынша Қайрекешоваға, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің қызметкері Гүлмира Тағамбаеваға облыс әкімінің «Алғыс хаты», ал бір топ әйелдер қауымына аудан әкімінің «Алғыс хаттары» табысталды.
Қазбек Айтқалиев