Құрылыс салуға жер учаскелерін қалай алуға болады?

Ауылдық округі әкімі аппаратында жер учаскелерін беру жөніндегі мәселелер тұрғындардан айтарлықтай көптеп туындауда.

Тек ауылшаруашылығы ғана емес, соңғы кезде елді мекен шегінде жер учаскелерін беру тәртібі туралы жиі-жиі сұрауда. Мысалға бизнес жүргізу, жеке тұрғын үй құрылысын салу және тағы басқалары үшін. Мүмкін елді мекен шегінде жер учаскелерін берудегі кейбір мәнісіне көз жеткізу қажеттілігін тағыда айтып өткен жөн шығар. Қажеттілік бар. Жеке тұрғын үй құрылысына және бизнес не инфрақұрылым объектілерін салуға жер учаскелерін беру іс жүзінде бір тәртіпте жүргізіледі. Қала немесе ауыл шегінде жер учаскелерін алуға ниет білдірген тұрғындарға – қалай алу керектігі жөнінде еске саламыз.

Елді мекен шегінде объектілерді салу үшін жер учаскелерін беру, жеке тұрғын үй құрылысына және құрылыс объектілеріне елді мекен шегіндегі жер учаскелеріне жер пайдалану құқығын беру тәртібін регламенттейтін мемлекеттік қызмет болып табылады. Енді осы тәртіп әрекеттері туралы. Ең алдымен жер учаскелеріне олардың жер пайдалану құқығын беруге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесінің орналасу орнына байланысты «электронды үкімет» веб-порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жергілікті атқарушы органға белгіленген үлгіде өтініш береді. Құжаттарды қарау электронды нысанда жүзеге асырылатынын еске саламыз, шекарасын орнатусыз жер учаскесін рәсімдеудің жалпы мерзімі заңмен анықталған 50 күн.

Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес инженерлік желілер мен құрылыстарға қосылуға техникалық жағдайлары сақталған дайын алаңқайларда ЖТҚ жер учаскелерін беру мүмкін. Егер бұндай номалар сақталмаса ЖТҚ үшін жер учаскелерін алуға берген өтініштер арнайы есепке алынады және дайын алаңқайлар болған кезде ғана қанағаттандырылады. Бәрі ЖТҚ арналған бос аумақтардың болуына және сіздің кезегіңізге байланысты. Егер сіз жер учаскесін тегін алуға үміттенсеңіз, онда Кодекстің 50-бабына сәйкес бұрын көрсетілген мақсат үшін мемлекет құқық берген жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі.

Жер учаскелерін алуға кезектілік тізімдері туралы ақпарат жергілікті және уәкілетті органдардың веб-порталдарында және жер учаскесінің орналасу орны бойынша жер қатынастары бөлімдерінің, ауылдық округ әкімдіктерінің ақпараттық стендтерінде қолжетімді жерде орналасқан. Елді мекен шегінде құрылыс салу үшін жер учаскелерін беру кезінде құжаттар екі маңызды кезеңнен өтеді. Мемлекеттік қызметті көрсету Стандарты бойынша бірінші кезең 28 жұмыс күнді, екінші кезең – 22 жұмыс күнді құрайды.

Бірінші кезеңде сәулет және қала құрылысы органдары жер учаскесін таңдау актісін оның ахуалдық схемасымен қоса дайындауды жүзеге асырады және оны келісу үшін бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге және мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік органдарға жібереді. Келісу кезінде осы кәсіпорын сұратылып отырған учаске жөніндегі мәліметтер және жер-кадастрлық жұмыстарға сметаны қоса береді. Инженерлік желілерге қосылуға оң қорытындысы және техникалық жағдайлар болған кезде сәулет және қала құрылысы органдары дайын болған жер учаскесін таңдау актісін өтініш білдірушімен келісу және жер-кадастр жұмыстарының қызметін төлеу үшін жолдайды. Бұл ретте түрлі жағдайлар болады.

Мысалға сіз алғыңыз келетін учаскенің иесі бар дейік. Не істеу керек? Осы жағдайда мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорын кем дегенде үш күннің ішінде сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне тиісті ақпаратты жолдайды, ол жер учаскесіне құқығын беруден бас тартуға негіз болып табылады. Бұндай бас тарту сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің қорытындысымен рәсімделеді. Бас тарту өтініш білдірушіге үш жұмыс күн ішінде жолданады. Егер бәрі дұрыс болып және учаске бос болса, онда екінші кезең басталады – жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, қызметті көрсету кезеңінің мерзімі 22 жұмыс күнді құрайды. Келісілген материалдар жер-кадастрлық жоспарын дайындау үшін мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорынға түседі. Бірінші кезекте жер-кадастрлық жоспары жер қатынастары саласындағы уәкілетті органмен бекітіледі және ол жергілікті атқарушы орган жер учаскесіне құқығын беру және уақытша жер пайдалануға келісімшарт жасасу туралы оң шешім қабылдауға негіз болады.

Жер учаскесін беру процедурасында ең маңыздысы – жергілікті атқарушы органның шешім көшірмесіне жер-кадастрлық жоспарды және уақытша жер пайдалану келісімшартты қоса беріп «электронды үкімет» веб-порталға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырушы органға тіркеу үшін жолдайды. Одан әрі жергілікті жерде жер учаскесінің шекарасын ресми орнатуды қажет етеді. Ол жер-кадастрлық жоспарды бекіткеннен кейін жергілікті атқарушы орган шешім қабылдағаннан кейін бір айдың ішінде орындалады. Ал жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу тек объектіні пайдалануға енгізгеннен кейін ғана болады. Елді мекен шегінде жер учаскесін беру тәртібінің ең маңыздысы – жергілікті атқарушы орган жер-кадастрлық жоспарды және инженерлік желіге қосылуға техникалық шартты қоса отырып көрсетілген мақсат үшін жер учаскесіне уақытша жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдауы.

Жер учаскесінің құқығы бір субъектіден басқа субъектіге өту кезінде жер-кадастрлық жоспар сатып алушыға немесе жаңа иесіне беріледі. Жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамасында өзгерістер болмаса мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған кәсіпорын жаңа жер-кадастрлық жоспарды бермейді, тек жер кадастрлық кітапқа және жердің бірыңғай мемлекеттік тізбесіне жер учаскесіне құқығының ауысуы туралы мәліметтер енгізеді. Жергілікті атқарушы орган істерді ашық түрде жүргізуге міндетті. Яғни бекітілген бас жоспар сызбасы, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы, елді мекендердің инженерлік коммуникациялар сызбасы туралы ақпарат жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында және арнайы ақпараттық стендтарда орналастырылуы керек.

Бұл мәліметтерді кем дегенде бір рет тоқсанда жаңартып отыруы керек. Міндетті шарт – жеке тұрғын үй құрылысына жер кесіп беру үшін алаңқайларды дайындау және жер учаскесін алуға тұрғандардың тізімі туралы, сауда-саттықа қойылатын учаскелердің тізімі туралы ақпарат қолжетімді болуы керек.

Ғибрат Мырзағали,

Жалғансай ауылдық округінің әкімі

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT