Махамбет ауданындағы Жайық өзені арқылы өтетін көпір қайтадан жөнделіп, қалпына келтірілді

Ағымдағы жылы мамыр айында Жайық өзенінің үстінен салынған ұзындығы 8030 метр болатын көпір өткелінің астындағы тірек топырағы жаңбырдың ағынды суы салдарынан желініп, жаяу жүргіншілер жолының асфальт жабындысы ойылып түсіп кеткен болатын. zh-shugylasy.kz.

m

Махамбет ауданы әкімдігі аталған мәселені дереу өз бақылауына алып, тиісті шаралар қабылдады.

- Мердігерге кепілдемеге сәйкес ақауларды қалыпқа келтіру жөнінде бірқатар талаптар қойылды. Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің үнемі қадағалауымен күні бүгінде көпірдегі ақаулары толық қалыпқа келтіріліп, қосымша суағарлар салынып, тірек топырақтары қосымша бетон плиталарымен қапталды. Қазіргі таңда көпірдің техникалық жағдайы бірқалыпты, қауіпсіз жағдайда»,-дейді аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Ершиков.

m

Жалпы көпір өткелінің құрылысы 2018 жылы аяқталып, сол жылы пайдалануға берілген. Тапсырыс беруші Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы болса, құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер «Атырауинжстрой» ЖШС-гі.

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT