Сіздерді шұғылалы көктемнің мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз.
Құлпырған көктемнің жанға жылулық сыйлайтын осы мерекеде Сіздерге отбасыларыңызға ырыс-береке, құт дарысын! Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын! Пәле-жала, жамандық атаулы келмеске кетсін, асыл да таза махаббат жүректеріңізден мәңгілік орын алсын!
Сіздерге дүниедегі барлық бақытты тілеймін! Шаңырақтарыңыз шаттыққа, еңбектеріңіз толағай табыстарға тола берсін! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Мереке ӘДІЛҒАЛИЕВ,
Есбол ауылдық округі әкімі