Алға ауылының әйелдер қауымы, аналар, апа-қарындастар!

Баршаңызды көктемнің осы бір ең жарқын мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті Алға ауылының әйелдер қауымы, аналар, апа-қарындастар және ауылдық округ әкімі аппараты, мектеп, «Қарлығаш» бөбекжайы, дәрігерлік емхана, мәдениет үйі, кітапхана ұжымында қызмет атқаратын азаматшалар!

Баршаңызды көктемнің осы бір ең жарқын мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер адамзаттың ең бір асыл перзенттері ғана емессіздер, сонымен бірге табиғат бойларыңызға ақыл мен төзім, іскерлік те дарытқан абзал да ізгі жансыздар! Баршаңызға мол бақыт, істеріңіздің сәтті болуын, Қазақ еліндегі бейбіт пен тыныш өмірдің шырқы бұзылмауын тілеймін!

Әр шаңырақтың ырысы ортаймасын, балаларыңыз бен жақын-жұрағаттарыңыздың барлығы да аман-сау, денсаулықтары мықты болып, Сіздердің әрқайсыңыздың жан- жүректеріңізден ертеңгі күнге деген сенім мәңгілік айнымасын!

Расул МУСИН,

Алға ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT