Адамзат баласы үшін ең асыл саналатын аналарымыз бен тіршіліктің қызығы мен қуанышына, бақытына айналған қыз-келіншектеріміздің мейрамы құтты болсын!
Сіздер адамдық асыл қасиеттерді бойға дарытып қана қоймай, өмір шырақшысына, сұлулық пен сымбаттылықтың символына айналдыңыздар.
Тәрбие мен тағылым, үлгі мен өнеге, әдет пен әдеп нәрін себелеген керемет жансыздар. Осынау шұғылалы көктемде көңіл кептерін көкке серметіп келген мерекеде баршаңызға да бар жақсылық тілейміз.
Әрқашан жарқын көңілде болып, жайдары жүздеріңізбен айналаны нұрға бөлеп жүре бергейсіздер. Әр шаңырақта аналарымыз бен қызкеліншектеріміздің әсем жүздерінен күлкі кетпесін.
Серік БАЗАРБАЕВ,
Бақсай ауылдық округі әкімі м.а