Құрметті аудан тұрғындары!

Баршаңызға амандық, саулық, дастархандарыңызға молшылық тілеймін!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мерекесімен құттықтаймын!

Күллі шығыс жұртына ортақ мереке-Наурыздың тарихы тереңде жатыр. Күн мен түн теңеліп, ырысы мол мереке біздің жан-дүниемізді шуаққа бөлейді, ой-ниетімізді таза арнаға бұрады. Бұл кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.

Бұл – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатырған халқымыздың қастерлі мерекесі. Әз халқымыз оны қашанда биік көңілмен, кемел пейілмен ерекше қарсы алады.Наурыз мерекесі туған жер топырағына құт-береке әкелсін. Көктемнің көгілдір күнімен бірге Сіздердің отбасыларыңызға бақыт пен жылулық келсін.

Баршаңызға амандық, саулық, дастархандарыңызға молшылық тілеймін!

Қ.МӘЖИЕВ,

аудандық мәслихат хатшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз