Қымбатты махамбеттіктер, ардагерлер, әріптестер!

тас жүректі мейіріммен үгіткен, жеті қат жер астына дейін балқыта жеткен әз Наурыз құтты болсын!

Сіздерді күн мен түн теңеліп, көктем күшін асырған ұлы күн-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Баршаңызға Наурыз жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Жер-жаһанды сері самалға өткізіп, жұрттың аузын аққа жеткізіп, нұр тамшыларын аямай төккізіп, қиындықтың бәрін келер жылға өткізіп, Самарқанның көк тасын ерітіп, алтын күрекпен жер жүзін жібіткен, тас жүректі мейіріммен үгіткен, жеті қат жер астына дейін балқыта жеткен әз Наурыз құтты болсын!

Сиыр жылы ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт-береке салтанат құра берсін!

Елімізді, облыс, ауданымызды өркендетуге, халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған ауқымды игі іс-шараларды жүзеге асырудағы қажырлы қызметтеріңіз әрдайым табысты болып, ойға алған барлық арман-тілек, мақсат-мүдделеріңіз орындала берсін!-деген тілектемін.

Аманкелді СИСЕНОВ,

аудандық ішкі саяс ат бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521