Қадірменді аудан тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мейрам баршамызды бірлік пен татулыққа шақырып, ортақ іске жұмылдырады. Ғасырлар қойнауынан жеткен Ұлыстың ұлы күні, жыл басы Наурыз мерекесі – табиғаттың ғана емес, адамзат рухының да жаңаруының белгісі.
Елбасымыздың сарабдал саясатымен және Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың саяси сабақтастықты жалғастыруымен халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік нысандарды салу, сумен жабдықтау, газбен қамту, жол жөндеу мәселелері кезеңкезеңімен шешімін тауып келеді. Қасиетті мекен - Махамбет ауданының әлеуметтік және экономикалық дамуында серпін бар.
Аудан халқы ел экономикасын одан әрі дамытуға өз үлестерін қосып келеді. Біздің жерлестеріміз ежелден қонақжайлылығымен, ізгілігімен және ақ ниеттерімен белгілі. Бұл қасиеттер, әсіресе, Наурыз мерекесінде айқын көрінеді. Ата-бабаларымыз көктемгі күн мен түннің теңесу сәтінде өткен жылды қорытындылап, болашаққа жоспар құрған, берекелі істерін бастаған. Осылайша ұлттық қазынамыз бен тарихи құндылықтарымызды, халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеген. Жалпыға ортақ мерекеміздің жарқын дәстүрін сақтай отырып, ата-баба даналығын жалғастырайық! Ұлыстың ұлы күні баршамызға бақ-береке әкелсін!
Әр шаңырақ Әр шаңырақ шаттыққа бөленсін.
Әз Наурыз құтты болсын!
Р.ДЖАНГЛИШОВ,
аудан әкімі