«Құлабыз» балаларға қуаныш сыйлады

Балаларға базарлық!

Мереке қарсаңында "Жарқын болашақ" қоғамдық бірлестігінің мүшелері және "Құлабыз" еріктілер жасағы @qulabyz_volunteer Жалғансай, Таңдай, Ақтоғай, Сарытоғай ауылдарында тұратын ерекше балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау мақсатында бес ерекше баланың үйіне барып, сыйлық үлестіріп қуантты.

kylabyz301219

Жаңажылдық сыйлықты тек балаға ғана емес, оның отбасындағы бауырларына да ұсынғаны көкейге қонымды болды.

kyla3012191

kyla3012193

kyla30121910

kyla3012196

Сонымен қатар әртүрлі кейіпкерлердің киімін киіп, ерікті жастар Махамбет ауылының көшелерін аралай отырып, өнерлерін көрсеткен балаларға да сыйлықтар табыстады. Мерекелік іс-шара барлық бүлдіршіндерге, аудан тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мұны көрген балақандардың ата-аналары да алғыстарын жаудырды.

k

kyla301219

 

"Жарқын болашақ" қоғамдық бірлестігі мен "Құлабыз" еріктілер жасағының ұйымдастыруымен өткізілген қайырымдылық шарасына атсалысып, аталған жастардың бастамаларына қолдау білдірген аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Жексенбай Пазулов, құрылыс бөлімінің басшысы Алтынбек Қуанғалиев , аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Рысқалиұлы, «Өнерпаз» мәдениет үйінің директоры Серік Қойшығұлов.

Жаңа жылымыз құтты болсын!

К.Сапарқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз