«Жайық шұғыласы» газетінде жаңа басшы

Бас редактор тағайындалды.

Бүгін «Атырау – Ақпарат» ЖШС-і директоры Қайрат Абуов аудандық «Жайық шұғыласы» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Нұрым Ерғалиевтың жаңа қызметке ауысуына байланысты аталмыш басылымда он жылға жуық уақыт жауапты хатшы жұмысын атқарған Баян Сүйеуова Сүлейменқызын бас редактор қызметіне тағайындады.

Баян Сүйеуова Сүлейменқызы 1983 жылдың 28 қарашасында Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосында өмірге келген. 2002-2006 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген. Алғашқы еңбек жолын 2005 жылы Исатай аудандық «Нарын таңы» газетінде тілші болып бастаған. 2006-2011 жылдар аралығында республикалық «Алтын Орда» газетінде тілші, 2011 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін облыстық «Атырау» газетінде тілші қызметін атқарған. 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін аудандық «Жайық шұғыласы» газетінде бас редактордың орынбасары, жауапты хатшы болып қызмет атқарды.

«Атырау – Ақпарат» ЖШС-і директоры Қайрат Абуов бас редакторды жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, жиынға қатысқан директордың орынбасары Ысқақ Егембердиев және аудан әкімінің орынбасары Светлана Аманшиевалар да жаңа басшыға ізгі тілектерін жолдады.

Біз де әріптесімізді ұжым атынан жаңа қызметімен құттықтап, деніне саулық, отбасына амандық, жұмысына шығармашылық табыстар тілейміз.

Б.Сапарова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521