Қос заңсыздық: 83 340 теңге айыппұл (+ВИДЕО)

Күні бүгін басқармаға іс-қағаздардың 39-ы жолданған, оның ішінде 32-сі жеке тұлғаға, 7-еуі заңды тұлғаға қатысты. 

Кәсіпкерлік нысандардың санитарлық талаптарды сақтауын, карантин режимі бойынша жұмыс жасауын қадағалау мақсатында кәсіпкерлік және туризм бөлімі, «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, аудан әкімдігінің және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы өкілдерімен бірлескен рейдтік іс-шара барысында олқылықтар анықталды.

r

r

Аудан орталығындағы «072» және Сарайшық ауылындағы «Керуен Сарай» азық-түлік дүкендерінің санитарлық талаптарды сақтамай отырғандығы жөнінде ескертулер берілсе де, құлақ аспай отырғандығы белгілі болды. Осыған байланысты аталған нысандардың жұмыскерлерінен түсініктеме алынып, айыппұл салынды. Азық-түлік дүкендерін тексеріп болып, түнгі 23:00-ден кейінгі қозғалысты тексеруге ауыстық.

r

Түнгі торуылды аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, жұмылдыру және мемлекеттік қызмет сапасын бақылау бөлімінің бас маманы Н.Бердіғалиев, Махамбет ауылдық округі әкімінің орынбасары М.Баймишев және учаскелік полиция инспекторлары Б.Отарғалиев, Б.Аманов пен Н.Орақовтармен үйреншікті әдетімізге салып, 60 пәтерлік тұрғын үйдің ауласынан бастадық. Шағын футболға арналған ойын алаңы маңында бір топ футболшылар кезікті. Аудан намысын қорғап жүрген ойыншылар өздерінің үйде жата бергеннен шаршағанын, ең болмағанда бір сағат уақыт ойнауға рұқсат берулерін сұрайды.

r

- Ойын алаңдарының жабық болуы біздер үшін оңайға соқпайды. Себебі, елдегі карантин біткен соң чемпионттар басталады, олардың бәріне дайын болуымыз керек. Өз тарапымыздан карантин талаптарын сақтап, бетперде киіп те ойнауға келісер едік. Тек бізге кешкі 22:00-ден 23:00-ге дейін бір сағат ойнауға рұқсат берсе екен,- деп аяқ доп шеберлері өз өтініштерін білдірді.Бірақ мониторингтік топ өкілдері бұл өтініштерінің негізсіз, тәртіп бәріне бәріне ортақ екендігін жеткізді.

r

Кейін көшедегі қозғалысты бақылауға көштік. «Жайық шұғыласы газетінің 50 жылдығы» көшесіндеміз. Негізгі мақсат – ауылға кіріп-шығып, карантин режимін бұзып жүрген ауыл тұрғындарын тоқтатып, түсінік жұмыстарын жүргізу. Сағат тілі 23:50-ді көрсеткенде, ауылға кіріп келе жатқан мемлекеттік нөмірі 013HSA06 «Газель» автокөлігі тоқтатылды.

Көлік жүргізушісіне Атырау облыстық Бас санитарлық дәрігерінің №57 қаулысындағы көрсетілген ережесін бұзып келе жатқандығы айтылып, түсініктеме алынды. Бұл түсініктеме тиісті шаралар қолдану үшін аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданады.

r

Күні бүгін басқармаға іс-қағаздардың 39-ы жолданған, оның ішінде 32-сі жеке тұлғаға, 7-еуі заңды тұлғаға қатысты. Оның ішінде 41 670 теңге айыппұл қос жеке тұлғаға салынды.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT