Нұрболат Рабаев: «Отбасылық кәсіпті қолға алдық»

Ауданның ауыл шаруашылығы саласында жаңа есім. Ол - «Рабай» шаруа қожалығының жетекшісі Нұрболат Рабаев.

Негізгі мамандығы мұнайшы, өзі механик, енді міне, агроном болып шыға келді. Ол отбасымен ақылдаса отырып басталған кәсіпке жетекшілікті өз қолына алған.

Ақтоғай ауылы тұсындағы «Сборный» каналы маңындағы 350 гектар жердің 3 гектарына жердің сапасын, өнімнің шығуын тексеру мақсатында 9 түрлі тұқым себеді. Алғаш бастаған кәсіпкер үшін бұл үлкен тәуекел. Қанша дегенменде бұрын жасап көрмеген кәсіпті бастау да оңай емес.

rabai27711

rabai2778

Кәсіпкердің өзі де бастапқыда алаңдағанын жасырмайды. Бірақ «шешінген судан тайынбас» дегендей, бастаған істі соңына дейін жеткізуді мақсат тұтқан Нұрболат іске кіріседі. Жерді жырту, жан-жағын сым торлармен қоршау жұмыстары басталып кетеді. Бұл жұмыстарға әкесі, бауырлары, бірге жүрген достары көп көмегін тигізген екен. Тынығуға арналған вагон әкеліп, күні-түні егістіктің басында қона жатып, тұқым себу мезгіліне жетеді. Тамшылатып суару құрылғысына және минералды тыңайтқыштарға субсидия алып, каналдан егістікке су тартады. Осылайша ерте көктемде қызу жұмыс басталып кете барады.

r

-Қарбыздың 5000 тұқымын өз қолыммен жасаған жылыжайда өсірдім. Соның арқасында ерте өнім алуға мүмкіндік алдық. Қазіргі күні қарбыз, қиярды халыққа ұсына бастадық. Ақтоғай, Сарытоғай және Махамбет ауылдарындағы 8 азық-түлік дүкеніне тұрақты түрде өткізудеміз. Өнім жергілікті әрі табиғи таза болғандықтан тұрғындар тарапынан сұраныс жоғары. «Үйге жеткізу» қызметін де іске қостық. Ол жұмыспен жолдасым айналысады, әлеуметтік желіге жария-лау, тұрғындармен байланысу секілді жұмыстар. Әзірге тәжірибе ретінде 3 гектардан бастап отырмыз. Өнім беруі жақсы,- дейді жас кәсіпкер.

rabai2772

Нұрболат болашақта егістік көлемін ұлғайтып, егістік басына үй салып, мал шаруашылығын да қатар дамытқысы келеді. Бірақ бұл жерде электр энергиясы мәселесі туындайды. Үкімет тарапынан электр желісін жүргізуге көмек берсе деген жас кәсіпкердің өтініші бар.

r

«Үлкен әлемді өзгерту кішкентай әрекеттерден басталады» демей ме, ірі-ірі деген шаруашылықтардың өзі бастапқыда шағын көлемде бастаған. Кейін атағы гүрілдеп шыға келгендер қаншама. Өз ауылымыздың жас кәсіпкерлері бас болып, шаруашылықты қолына алып жатқанда неге қолдамасқа?! Талаптанған, еңбектенген адам ғана табысқа жетеді. Бүгінгі төккен тер табыс болып келсе, ол кез келген шаруа үшін еңбегінің жанғаны.

Қазбек АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT