Онлайн құрбандық шалу оңтайлы

Елді жайлаған індет кезінде сабырға келіп, үй-үйді араламай отбасымызбен бірге болғанымыз абзал.

Биылғы Құрбан айт мейрамында мешіттерде құрбан айт намазы оқылмайтынын, құрбан шалу онлайн түрде өтетінін білдік. Бұның бәрі елімізде таралған пандемияға байланысты күллі халықты жұқпалы дерттен қорғау үшін, жұртшылықтың саулығын ойлағандықтан қолға алынып отыр.

Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Алдымызда күллі мұсылман баласы асыға күткен ұлық мейрам Құрбан айт келе жатыр. Алла қаласа, биылғы құрбан айт мерекесі ғұламалар кеңесінің шешімімен 31 шілде мен 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келіп тұр. Алайда елімізде карантин 2 тамызға дейін ұзартылғандықтан республика бойынша мешіттер жабық болуына орай, 31 шілде күні құрбан айт намазы оқылмайды» деген болатын. Қайда отырып, қол жайғанына қарамастан адамның риясыз көңілмен жасаған кез келген құлшылығы мен дұғасы қабыл болатыны айқын. Сондықтан биылғы айт намазының мешіттерде жамағатпен оқылмайтынына сабырлық танытуға шақырамын.

Қ.СИСЕНОВ, зейнеткер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз