Атырау облысының Бас имамы Махамбет ауданында болды

Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Махамбет аудандық орталық мешітіне барып, ондағы ахуалмен танысып, атқарылып жатқан жұмыстар бойынша ақпарат тыңдап, тиісті міндеттер жүктеді.

Жақында Бас имам Махамбет ауданының әкімімен кездесіп, Таңдайда салынып жатқан мешіт құрылысымен танысты.

Бұл туралы Атырау Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі хабарлайды. Махамбет ауданына жұмыс сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы  аудан әкімі Ринат Джанглишовпен кездескен.

Кездесу барысында тараптар аудандағы діни ахуал, мешіттердің әлеуметтік-экономикалық ахуалы, құлшылық үйлерінің діни мамандармен қамтылу жайында,сондай-ақ тарихи орын – Сарайшық жеріне сәулетті мешіт орнату мәселесін де талқылады.

"Сарайшық – руханияттың ордасы. Әлемге аты танылған тарихи шаһар. Туристер арнайы келіп, тәу ететін жерде жеті хан жерленген. Ондай аймақта сәулетті мешіттің бой көтергені дұрыс" деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Махамбет ауданының әкімі Ринат Джанглишов бірлесе жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді. Сонымен қатар, Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Махамбет аудандық орталық мешітіне барып, ондағы ахуалмен танысып, атқарылып жатқан жұмыстар бойынша ақпарат тыңдап, тиісті міндеттер жүктеді.

imam150221-1

Сапар аясында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Таңдай ауылында салынып жатқан мешіт құрылысымен танысты. Қазіргі таңда мұнда қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Қос қабатты мешітпен бірге, мұнда имам үйі, асхана да салынуда.

"Жайық-Ақпарат"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT