Қонақтықтар мен басқосудан бас тарттық

Бүкіл әлемге төнген індетке байланысты еліміз барынша қолдан келген көмегін аямауда. Бірқатар қалаларға карантин жариялап, шетелдерден білікті мамандар шақыртып, жұмыссыз қалған халыққа бюджеттен қаражат бөлуді де тыс қалдырмады. Уақытқа шектеу қойып, оқушыларды қашықтықтан оқытуға көшті.

Мен әрі ұстаз әрі екі баланың анасы, аудан тұрғыны ретінде бұл жағдайға атүсті қарай алмадым. Барынша Бас санитар ескертпелерін мұқият орындап, қонақтықтар мен басқосулардан бас тартып, 2-3 адам жиналған орындарға ғана баруға тырысып жүрміз.

Әрине, онлайн түрінде шәкірттеріме сабақ дайындаудың өзіне көп уақыт жұмсаймын. Осы орайда барлық ұстаздар қауымының еңбегі зор дер едім. Отбасы, бала мен қатар елдің баласына қалай сапалы білім берсем болады деп, бірнеше өзгеріске ұшыраған министрдің бұйрықтарын бұлжытпай орындап, шығармашылықтарымен тығырықтан шығу үстінде. Балабақшаларда өз жұмысын тоқтатқан соң балаларым да үйде, сол себепті оларға жолдасымыз екеуміз көп көңіл бөлуге тырысамыз. Бала емес пе? Үнемі үйде болудан мазасы кетеді, 30 минут көлемінде болса да таза ауаға серуендетіп, аулада ойнатамыз. Оның үстіне "Фаберлик" компаниясының мүшесі болғандықтан көп дүкендердің жабылуынан тауарларға сұраныс екі есеге артты.

Әлеуметтік желідегі белсенділігімнің арқасында, Инстаграм арқылы табыс табу жолдарын көрсететін ақылы онлайн курстар мен сабақтар өткізудемін. Осы тұста жастарға айтарым, карантиннің тағы бір ұқтырғаны, қаншама бизнес иелері жұмыстарын тоқтатып, шығынға ұшырауда. Алайда онлайн түрде бизнесін жүргізе беруге болатынын бірі білсе, бірі мойындамайды. Қазіргі заманның мың құбылған кезеңінде осындай тығырықтан шығу үшін онлайн бизнесті бастап үйреніңіздер.

Әйел адам қай күнде де таң атқаннан кеш батқанға дейін тыным таппайтыны рас. Қазір, тірлігіміз екі есеге көбейді десек болады. Әр нәрсенің бір қайыры бар деп шүкір етудеміз. Бұл індет те адам баласын тәубесіне келтірері сөзсіз. Қазақтай кең далада көсіліп, жүрген жерін той-думанға айналдырып жүретін біздей ұлтқа тіптен қиын. Ауызбіршілігімізден ажырамай, тәртіпке бағынсақ, бұл жағдайдан да еліміз аман-есен өтіп кетеді деп ойлаймын.

Айдана Сүлеймен,

мұғалім, инста-блогер, жас ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT