Ауданымызда балғын қобызшылар да білімін жалғастыруда

Еліміздің білім беру саласы толықтай қашықтықтан оқытуға көшкеннен соң, қосымша білім беру ұйымдары да тәрбиеленушілерімізге онлаин режимде сабақ өткізуді қолға алдық.

З.Ещанова атындағы балалар өнер мектебінің ұстаздары әрқайсысы өз саласы бойынша жұмыстарын жалғастырып, оқушыларымен жұмыс жүргізуде. Өзім жетекшілік ететін қобыз сыныбындағы балғын қобызшыларым үйде отырып, осы уақытқа дейін үйренген шығармаларын видеоға түсіріп маған жіберіп отыр. Алғашында тікелей онлаин режимде ойнатып көрген болатынмын.

Алайда, қобыздың дауысы дұрыс естілмей қала берген соң, видеоға түсіріп жіберуге тапсырма бердім. Бұл орайда түсіністік танытып, тәрбиеленушілерімді жеке қобызбен қамтамасыз етіп, сабақтарын қашықтықтан жалғастыруға мүмкіндік жасап, қолдау көрсетіп отырған ата-аналарға алғысым шексіз. Әрдайымда осылай бірлігіміз жарасып, балаларымыздың болашағы үшін бірлесе еңбек ете берейік.

Біз мықтымыз. Бұл қиындықтан да өтіп, қалыпты тіршілігімізге оралып, балаларымызды түрлі конкурстардың төрінен көретінімізге сенімім мол.

Гүлзия Магзумова,

З.Ещанова атындағы балалар өнер мектебінің қобыз сыныбы мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT